Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Үкіметте мемлекеттік органдардың киберқауіпсіздік саласындағы жай-күйі талқыланды

Үкіметте мемлекеттік органдардың киберқауіпсіздік саласындағы жай-күйі талқыланды
Фото: primeminister.kz

Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевтің төрағалығымен еліміздің киберқауіпсіздігін нығайту және дербес деректерді қорғау мәселелері бойынша ведомствоаралық кеңес өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жиын Мемлекет басшысының Қазақстанды толыққанды цифрлық елге айналдыру бойынша алға қойған міндеттерін жүзеге асыру аясында ұйымдастырылды. Онда жаңартылған Конституцияда адамның дербес деректерін қорғау құқығы тікелей жазылғанына, ал Қауіпсіздік Кеңесінің шешімдері тұрғысынан киберқауіпсіздік мәселелері стратегиялық маңызға ие болғанына ерекше назар аударылды.

Салалық министрліктер, жергілікті атқарушы органдар басшылары, ҰҚК Мемлекеттік техникалық қызметі қатысқан кездесу барысында киберқауіпсіздік саласындағы жүйелі іс-шаралардың жүзеге асырылу барысы туралы есеп ұсынылды.

Негізгі өзгерістердің қатарында ірі деректер базасының (100 мыңнан астам жазба) операторлары үшін міндетті биометриялық сәйкестендіруді енгізу бар.

Кеңес шеңберінде мемлекеттік жүйелердің қорғалуына ерекше көңіл бөлінді. Сонымен қатар жергілікті атқарушы органдарға жасалған аудит нәтижелері ерекше назар аударуды және қорғанысты күшейтуді талап ететін бірқатар жүйелі осал тұстарды анықтады.

Кеңес қорытындысы бойынша азаматтардың цифрлық сервистерді қауіпсіз пайдалану мәселелері бойынша хабардарлығын арттыру, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді Бірыңғай мониторинг жүйесіне қосу жұмыстарын күшейту тапсырылды.

Қаржы секторы мен микрокредиттік ұйымдарда дербес деректерді қорғауды күшейту қажеттілігі бөлек тармақ ретінде атап өтілді.

ҚР Премьер-министрінің орынбасары салалық ведомстволарға барлық тапсырмалардың орындалуына қатаң бақылау жүргізуді тапсырып, киберқауіпсіздік – Қазақстанның цифрлық трансформациясының іргелі шарты екеніне назар аудартты.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады