Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда KazHackStan - 2023 хакерлік конференциясы басталды

Алматыда KazHackStan - 2023 хакерлік конференциясы басталды
Фото: ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

13 қыркүйекте Алматыда Орталық Азиядағы қиберқауіпсіздік бойынша KazHackStan жыл сайынғы тәжірибелік конференциясының бірінші күні өтті. Конференцияның алғашқы күні мемлекеттік құрылымдар мен бизнес секторының киберқауіпсіздік саласындағы өзара іс-қимылына бағытталған талқылау мен тәжірибелік воркшоптарға арналды, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Конференция Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің қолдауымен ұйымдастырылды.

ҚР ЦДИАӨМ Ақпараттық қауіпсіздік комитеті өткізетін конференция шеңберінде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерінде азаматтарға, бизнес иелеріне және мемлекеттік органдарға кеңес беруге арналған стенд ұйымдастырылды.

Конференцияның алғашқы күні «Қазақстанда және өңірде кибер тұрақтылықты қамтамасыз ету» тақырыбында пленарлық сессия өтті, онда Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Әбдіқалықов сөз сөйледі.

Комитет төрағасы өз сөзінде адами капиталды дамыту және мемлекеттік саясатты жетілдіру, сондай-ақ талаптарды бұзушыларға қатысты қабылданып жатқан шаралар туралы сөз сөйледі.

«Биыл еліміздің киберқауіпсіздігін нығайтуға бағытталған «Киберқалқан-2.0» бағдарламасы іске қосылды. Біз 2025 жылға қарай айтарлықтай нәтиже күтеміз: жаһандық киберқауіпсіздік индексі: топ-20 елге кіру. 2025 жылға қарай біздің мақсатымыз – «Электрондық үкіметті» 100% қорғау. «Киберқалқан-2.0» бағдарламасы елімізді цифрлық әлемде қауіпсіз етуге кепілдікбереді»,- деді Руслан Әбдіқалықов.

KazHackStan - бұл тәжірибе алмасу, ақпараттық және киберқауіпсіздік саласындағы өзекті мәселелерді талқылау және шешу алаңы.Биыл KazHackStan конференциясына 3000-нан астам қатысушы келді. Конференция барысында әртүрлі елдерден келген 30-дан астам спикер сөз сөйлейді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Ұлытау облысында бақшасына есірткі өсірген тұрғын анықталды
Марат Қарабаев Ұлытау облысының даму жоспарымен танысты
Димаш өзінің Stranger әлемдік турына кәсіби бишілерді іздеп жатыр
Мультимедиа
Мемлекет басшысы БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі саммитіне қатысты
Қазақстанда ҰҚШҰ-ға қатысушы мемлекеттердің халықаралық есірткіге қарсы операциясы аяқталды
Қазақстанда күзгі шақыру науқаны басталды
Мемлекет басшысы «ЭКСПО Орталық Азия – 2023» көрмесіне барды
Қосқұдық ауылында мектеп ашылды