Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елордалық театр ұжымы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты

Елордалық театр ұжымы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
Фото: Астана қ. әкімдігі

Астанада «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында М. Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының ұжымы сенбілік өткізіп, мекеме аумағы мен оған іргелес кеңістікте тазалық жұмыстарын ұйымдастырды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Сенбілік барысында ғимарат маңы қоқыстан тазартылып, аумақты ретке келтіру, санитарлық тазалау және абаттандыру жұмысы жүзеге асырылды. Театр қызметкерлері қоршаған ортаның тазалығын сақтауға бағытталған ортақ іске белсенді атсалысып, елорданың көркеюіне өз үлестерін қосты.

«М. Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры «Таза Қазақстан» акциясын белсенді қолдады. Театр ұжымы үшін тазалық пен қоршаған ортаға қамқорлық – мәдени-ағартушылық миссиясының маңызды бөлігі. Бүгінгі сенбілік ортақ жауапкершілік пен бірліктің көрінісі болды: қызметкерлер театр ішін және айналасын ретке келтірді» – деді М. Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры директорының орынбасары Александра Кустовская.

Бұл бастама тек бір реттік акция шеңберінде ғана емес, қоғамда тазалық мәдениетін орнықтыруға, экологиялық жауапкершілікті арттыруға және қоршаған ортаға ұқыпты қарау дағдысын қалыптастыруға бағытталған маңызды қоғамдық жұмыс ретінде жалғасуда. Тазалық пен тәртіпті сақтау – ортақ сана мен жауапкершіліктің көрінісі.
Алдағы күндері Мәдениет басқармасына қарасты мекемелерде сенбіліктер мен абаттандыру жұмыстары жалғасады. Қызметкерлер театрлар аумағын, тарихи ескерткіштер мен мәдениет ошақтарының айналасын тазалау жұмыстарын кезең-кезеңімен жүргізетін болады.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады