Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматының өнеркәсібі жыл басынан бері жоғары өсім көрсетіп келеді

Алматының өнеркәсібі жыл басынан бері жоғары өсім көрсетіп келеді
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

2025 жылдың қаңтар-қазан аралығында Алматының өнеркәсіптік өндіріс көлемі 1 944,2 млрд теңгеге жетіп, 12,3%-ға артты. Өңдеу өнеркәсібі 13,7%-ға өсіп, жалпы өнеркәсіптік шығарылымның 84,5%-дан астамын қамтамасыз етті. Бұл туралы Алматы қаласының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әсіресе, машина жасау, минералдық өнім, сусын, қағаз бұйымдары, химиялық және фармацевтикалық өнім, сондай-ақ тоқыма, киім және ағаштан жасалған бұйым өндірісінде жоғары өсім байқалады.

Сектордағы өсім қаланың ірі және орта өнеркәсіптік алаңдарындағы өнім өндіру көлемінің артуымен қамтамасыз етілді. Бұған дилерлер, құрылыс компаниялары және сауда желілері тарапынан тапсырыстың көбеюі де ықпал етті.

Жыл басынан бері индустриялық аймақта және «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағында жалпы құны 225,3 млрд теңге болатын 8 жоба іске қосылды. Жыл соңына дейін 80,2 млрд теңге көлеміндегі тағы 10 жобаны енгізу жоспарланып отыр.

Индустриялық аймақ аумағында жалпы құны 655,8 млрд теңге болатын және ондаған мың жұмыс орнын құрған жүзден астам кәсіпорын жұмыс істейді. Биыл жаңа нысандар пайдалануға беріліп, 3 мыңнан астам жұмыс орны ашылды, сондай-ақ шағын өнеркәсіптік парктер іске қосылды.

«Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймақ аумағында цифрлық технология, күн панельдері және медициналық жабдық өндіру салаларында жобалар жүзеге асырылды. Жыл соңына дейін тағы екі жаңа инвестициялық жобаны іске қосу көзделген.

Қазіргі кезде «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағында 193 қатысушысы тіркелген (оның ішінде 126 қатысушы экстерриториалды қызмет атқарады). Салынған инвестиция көлемі 258 млрд теңгеге, тауар, жұмыс және қызмет өндірісінің көлемі 1 трлн теңгеге жетті. Экспорт көлемі 17,8 млрд теңге, салық түсімі 72 млрд теңге, 6 974 жұмыс орны ашылды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады