Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы облысында қалдықтарды өңдейтін зауыт құрылысы басталды

Алматы облысында қалдықтарды өңдейтін зауыт құрылысы басталды
Фото: Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі

Алматы облысының Қарасай ауданында қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптап, оны қайта өңдейтін зауыт құрылысы басталды. Кешен жылына 450 мың тонна қалдықты сұрыптап, 14 мың тоннадан астам шикізатты қайта өңдеп шығаруға қауқарлы. Бұл өңірдің экологиялық ахуалын жақсартуға оң ықпал етеді. Сонымен қатар 300-ге жуық тұрғынды жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді,– деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін Әйтей ауылында «ONDEU» зауытының негізі қаланып, уақыт капсуласын салу рәсімі өтті. Шараға облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев қатысып, бұл бастама ұзақ мерзімді мемлекет саясатының маңызды құрамдас бөлігі екенін айтты.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев экологиялық ахуалды түбегейлі жақсарту кезек күттірмейтін, стратегиялық маңызы зор міндеттердің бірі екенін үнемі атап өтеді. Қоқысты өңдеу жүйесін реттемей, өңірдің тұрақты дамуын қамтамасыз ету мүмкін емес.

Әйтей ауылы маңындағы бұл полигонда 40 жылға жуық уақыт бойы қоқыс жиналған. Қалдық көлемі күннен күнге артып барады. Ал оны жай ғана жинап қою – мәселені шешу емес, оны уақытша шегеру ғана. Сондықтан бізге қалдықтарды қайта өңдеп, кәдеге жаратуға мүмкіндік беретін жүйелі шешім қажет.

Біз ертеңгі ұрпаққа экологиясы таза, өндірісі дамыған, табиғаты бай мемлекетті аманаттауға міндеттіміз. Бүгінгі шара осы игі мақсатқа қызмет етеді», – деген аймақ басшысы жобаның жүзеге асуына атсалысып жатқан инвесторларға, инженерлер мен құрылысшыларға ризашылығын білдірді.

Жобаның жалпы құны – 15 миллиард теңге. Кешен 5 гектар аумақты қамтиды. Қатты тұрмыстық қалдықтар «Suzhou JONO» компаниясының 100 пайыз автоматтандырылған технологиясы арқылы сұрыпталады. Соның нәтижесінде төрт түрлі таза шикізат – шыны, қағаз, пластик және металл бөлініп алынады. Ал қайта өңдеуге келмейтін қалдықтардан RDF балама отыны дайындалады. Осылайша қоқыс қайтадан экономикалық айналымға енеді.

Эко-кластердің екінші кезеңі пластик қалдықтардан жаңа өнім жасалатын «Bottle to Bottle» жобасы болмақ. Мұнда «ONDEU» кешенінен алынған 3000 тоннадан астам пластик терең өңделеді. Бұл кешеннің құны – 10,5 миллиард теңге. Қазіргі таңда құжаттары рәсімделуде.

Зауыт құрылысы 2027 жылдың соңында аяқталады. Осылайша, жоба экологиялық мәселелерді шешуге септігін тигізіп, өңірдің тұрақты дамуына серпін береді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады