Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Олжас Бектенов Алматыда қалдықтарды кәдеге жарату зауытын салу үшін Инвестициялар туралы келісімді екі апта мерзімінде дайындауды тапсырды

Олжас Бектенов Алматыда қалдықтарды кәдеге жарату зауытын салу үшін Инвестициялар туралы келісімді екі апта мерзімінде дайындауды тапсырды
Фото: primeminister.kz

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Shanghai SUS Environment Co., Ltd. компаниялар тобының президенті – басқарма төрағасы Лун Цзишэнмен 2024 жылғы қарашада Қытайға жұмыс сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтар шеңберіндегі ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Алматы қаласында қоқыс өңдеу зауытын салу жөніндегі инвестициялық жобаны жүзеге асыруға назар аударылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесуге қатысушылар Қазақстанда қалдықтарды электр энергиясына айналдыруға бағытталған Waste-to-Energy технологиясын енгізудің келешегін талқылады. Shanghai SUS Environment Co., Ltd. басқарма төрағасы Лун Цзишэн Алматыдағы тәулігіне 2 мың тоннаға жуық қалдықты қайта өңдейтін және 60 МВт-қа дейін электр энергиясын өндіретін қоқыс өңдеу зауытының жобасын таныстырды. Тікелей инвестиция көлемі $270 млн-ды құрайды.

Алматы қаласы әкімдігінің мәліметінше, аталған зауыттың іске қосылуы мегаполистің қатты тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жаратуға деген қажеттілігін өтеп, 2029 жылға қарай қалдықтарды қайта өңдеу үлесін 80%-ға дейін жеткізуге мүмкіндік береді.

Лун Цзишэн компанияның қалдықтарды энергия көзіне айналдыру саласында ҚХР-да көшбасшы екенін, оның қытай нарығындағы үлесі қазірдің өзінде 40%-ды құрап отырғанын айтты. Сонымен қатар компания бірқатар елде қайта өңдеу және экологиялық өнеркәсіптік парктер бағытында 84 жобаны жүзеге асырды. Қолданылатын технологиялар экологиялық қауіпсіздіктің әлемдік ең жоғары стандарттарына сәйкес келеді.

Премьер-министр халық саны мен қажеттіліктердің өсуі жағдайында экология мәселелерін шешудің маңыздылығын атап өтті.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев алдымызға 2029 жылға қарай коммуналдық қалдықтарды қайта өңдеу көлемін 38%-ға жеткізу міндетін қойды. Жыл сайын елімізде 4,5 млн тоннадан астам коммуналдық қалдық түзіледі. Сондықтан, қоқыс өңдеу зауытын салу – қажетті жоба.

Электр энергиясын өндіру арқылы қалдықтарды экологиялық кәдеге жарату қайта өңдеуді дамытудағы маңызды қадам болмақ. Үкімет аталған жобаны мақұлдап, қажетті қолдау көрсетуге дайын. Біз байыпты инвесторлармен ұзақмерзімді ынтымақтастыққа мүдделіміз», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Салалық министрліктер мен Алматы қаласының әкімдігіне  екі апта мерзімінде зауыт құрылысын осы жылдың маусым айында бастау үшін Инвестициялар туралы келісімнің жобасын дайындауды қамтамасыз ету тапсырылды.

Сонымен қатар кездесу барысында кадр даярлау мәселесі де сөз болды. Жоба аясында 500 жұмыс орны, оның ішінде – 100 тұрақты жұмыс орны ашылады. Лун Цзишэн жергілікті мамандар жұмысқа басым тәртіппен тартылатынын атап өтті.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты