Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Пластиканы пайдалы өнімге айналдыру: елордада қалдықтардан пайдалы заттар қалай жасалады

Пластиканы пайдалы өнімге айналдыру: елордада қалдықтардан пайдалы заттар қалай жасалады
Фото: Астана қ.әкімдігі

Астанада қалдықтарды қайта өңдеу дамып, жетіліп келеді. Елордалық кәсіпорындар пластиканы пайдалы өнімге айналдырады, ал мектептерде оқушыларға қалдықтарды бөлек жинауды үйретеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта қалдықсыз өндіріс қағидатына сүйене отырып, қайта өңделген пластикадан көптеген өнім жасап шығарылады: орындықтар, қоқыс жәшіктері, балалар алаңының жабдықтары, гүл құмыралары және басқа да тұрмыстық заттар. Астанада қалдықтарды қайта өңдейтін негізгі зауыттан бөлек, пластикті қайта өңдеумен айналысатын шағын кәсіпорындар пайда болуда.

Осы компаниялардың бірі қалалық және жеке аумақтарды көгалдандыру үшін қолданылатын заттарды, сондай-ақ саябақ жиһаздары мен шағын архитектуралық пішіндерді шығаруға маманданған. 2020-2024 жылдары компания 400 тоннаға жуық пластик қалдықтарын қайта өңдеді, оның өндірістік қуаты жылына 5000-нан астам өнімді құрайды.

Бұл бастама қоршаған ортаға түсетін ауырлықты азайтып, қалалық инфрақұрылымның дамуына ықпал етеді.

Сонымен қатар, «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіп үлгісі» атты экологиялық акция аясында елорда мектептерінде, қалдықтарды қайта өңдеу жобалары жүзеге асып жатыр. Осыған дейін жоба аясында елорданың 40-тан астам мектебінде түрлі-түсті контейнерлермен жабдықталған заманауи қоқыс жәшіктері орнатылған болатын, бұл қалдықтарды сұрыптап, кейін қайта өңдеуді жеңілдетеді. Сол сияқты қалдықтарды қайта өңдеу көлемін ұлғайтуға, мектеп оқушыларының экологиялық мәдениетін дамытуға ықпал етеді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты