Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада Yasin тұрғын үй кешенінің үлескерлері баспаналы болды

Астанада Yasin тұрғын үй кешенінің үлескерлері баспаналы болды
Фото: Астана қ. әкімдігі

Астанада Yasin тұрғын үй кешенінің құрылысы аяқталып, үлескерлерге салтанатты түрде пәтер кілті табысталды. Бүгін баспаналы болған жүздеген отбасы үшін бұл күн ерекше қуаныш пен жаңа өмірдің бастауы болды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Бастапқы құрылыс компаниясы тарапынан Yasin тұрғын үй кешенін салу жұмысы 2022 жылдың тамыз айында басталған. Нысанды 2023 жылдың IV тоқсанында аяқтау жоспарланғанымен, қаржыландырудың жеткіліксіздігі салдарынан құрылыс қарқыны баяулаған.

2024 жылдың I тоқсанында нысанның дайындық деңгейі шамамен 40% болған. Сонымен қатар сыртқы және ішкі инженерлік желілер толық жүргізілмеген, ал жер учаскесіне қатысты құжаттар толық рәсімделмеген.

Кейін жобаға Mabex Group жеке инвесторы тартылып, соның нәтижесінде құрылыс толық аяқталды. 2026 жылғы 11 сәуірде Yasin тұрғын үй кешенінің жүздеген үлескеріне пәтер кілті табысталды.

«Тұрғын үйде 310 пәтер бар. Ал бүгін жүздеген үлескерге пәтер кілті табысталып отыр», – деді Астана қаласының Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының бөлім басшысы Ернұр Баймұсаев.

Кілт табыстау рәсімі барысында тұрғындар жаңа пәтерлерін қабылдап алып, өз әсерлерін айтты.

«Бүгін біз үшін ерекше қуанышты күн. Бұл пәтерді екі жыл күттік. Осы уақыт ішінде түрлі қиындықтар болды, бірақ соның бәрі артта қалды. Бүгін өз үйіміздің кілтін қолымызға алып, үлкен қуанышқа бөленіп отырмыз. Бұл біздің отбасымыз үшін жаңа өмірдің бастауы», – деді пәтер кілтін алған тұрғын Талғат Қайкенов.

Айта кетейік, тұрғын үй кешенінде заманауи инфрақұрылым қарастырылған. Аула аумағында балалар ойын алаңдары мен демалыс аймақтары жабдықталған.
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады