Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Биыл Алматыда 700-ден астам мас жүргізуші тоқтатылды

Биыл Алматыда 700-ден астам мас жүргізуші тоқтатылды
Фото: pixabay.com

Алматыда жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыс күшейтілді. Бұл туралы қала тұрғындарымен есептік кездесу барысында Алматы қалалық полиция департаментінің бастығы Айдын Кабдулдинов мәлімдеді, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, мегаполистегі көлік ағынының жоғары болуына байланысты жолдағы тәртіп – қауіпсіздіктің негізгі факторларының бірі болып қала береді.

– Жолдағы әрбір құқық бұзушылық – адамдардың өмірі мен денсаулығына төнген әлеуетті қауіп. Біздің міндет – мұндай фактілерді анықтау ғана емес, сонымен қатар жол қозғалысына қатысушылардың барлығында жауапты мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру, – деп атап өтті Айдын Кабдулдинов. 

Жыл басынан бері қалада жол қозғалысы ережелерін бұзудың шамамен 850 мың дерегі анықталып, жолы кесілді. Оның ішінде 700-ден астам көлік құралын мас күйде басқару фактісі, 724 – көлік жүргізу құқығынсыз басқару дерегі, сондай-ақ 960 дерек – бұрын жүргізуші куәлігінен айырылған тұлғалардың рөлге қайта отырған жағдайлары тіркелді. Сонымен қатар адам өміріне тікелей қауіп төндіретін өрескел бұзушылықтар да тоқтатылды. Атап айтқанда, жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлерін пайдалану және қарсы бағытқа шығу фактілері анықталып, жолы кесілді. Бұдан бөлек, жол инфрақұрылымын жақсарту бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жыл басынан бері көше-жол желісіне 670 тексеру жүргізіліп, оның нәтижесінде 600-ден астам ұйғарым енгізілді. Жолдардың жай-күйіне жауапты 42 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

– Жол қауіпсіздігі – тек бақылау емес, бұл – ортақ жауапкершілік. Заң талаптарын сақтау және өзара құрмет арқылы ғана біз адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтай аламыз, – деп қорытындылады Айдын Кабдулдинов.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді