Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жетісу облысында жол қауіпсіздігі күшейтілді: жүздеген құқық бұзушылық анықталды

Жетісу облысында жол қауіпсіздігі күшейтілді: жүздеген құқық бұзушылық анықталды
Фото: polisia.kz

Жетісу облысында полиция қызметкерлері жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жүйелі жұмысты жалғастырып жатыр, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Негізгі міндет — құқық бұзушылықтарды тіркеумен ғана шектелмей, жол-көлік оқиғаларының алдын алу және азаматтардың өмірін сақтау. Профилактикалық іс-шаралар барысында тәртіп сақшылары жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу фактілерін анықтап, жолын кесті. Олардың әрқайсысы — адам өміріне төнген нақты қауіп.

Жыл басынан бері қарсы бағытқа шығудың 23 дерегі, жүргізуші куәлігінсіз көлік басқарудың 247 фактісі, тіркелмеген және шетелдік көлік құралдарын заң талаптарын бұза отырып пайдаланудың 115 дерегі, апаттық жағдай туындатудың 126 фактісі, көлікті жүргізу құқығы жоқ немесе одан айырылған тұлғаларға берудің 59 дерегі анықталды.

– Біздің міндетіміз — жол-көлік оқиғаларына жол бермеу. Әрбір анықталған дерек — алдын алынған ықтимал трагедия. Жолдағы қауіпсіздік — әрбір қатысушының тәртібінен басталады, — деп атап өтті полиция қызметкерлері.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады