Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Көлік салығы: Астана бюджетіне 10 млрд теңгеден астам қаржы түсті

Көлік салығы: Астана бюджетіне 10 млрд теңгеден астам қаржы түсті
Фото: pixabay.com

Астана қаласының бюджетіне жыл басынан бері жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық бойынша 10 млрд теңгеден астам қаржы түсті. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер департаменті мәлім етті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, бүгінгі таңда көлік салығы бойынша берешек көлемі 7 млрд теңгені құрап отыр.

Департамент өкілдері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, салықты уақытылы төлемеген жағдайда әрбір кешіктірілген күн үшін өсімпұл есептелетінін еске салады. Бұдан бөлек, берешегі бар азаматтарға қатысты мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары қолданылады. Атап айтқанда, борышкерлерге хабарлама жолданып, салық бұйрығы шығарылады, сондай-ақ материалдар жеке сот орындаушыларына беріледі.

1 айлық есептік көрсеткіштен асатын берешек міндетті түрде мәжбүрлі түрде өндіріп алуға жатады. Ал салық бұйрығын орындау мерзімі 30 жұмыс күнін құрайды.

Қала тұрғындары өздерінің берешегін бірнеше ыңғайлы цифрлық сервистер арқылы тексере алады:

• МКК ресми сайты – kgd.gov.kz;

eGov.kz порталы;

• eSalyq Azamat мобильді қосымшасы.

Сонымен қатар, елден шығуға уақытша шектеулердің бар-жоғын aisoip.adilet.gov.kz сайтынан білуге болады.

Астана қаласы МКД азаматтарды салықтық міндеттемелерін уақытылы орындауға шақырады. Бұл қосымша шығындардың алдын алып, қаржылық жүктемені азайтуға мүмкіндік береді.

Толығырақ ақпарат – 1414/3 нөміріне немесе @astana_mkd_dgd_astana Instagram парақшасы бойынша ала аласыз.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады