Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада 160 мыңға жуық кәсіпкер жаңа салық режимін таңдады

Астанада 160 мыңға жуық кәсіпкер жаңа салық режимін таңдады
Фото: Астана қ. әкімдігі

Астанада 160 мыңға жуық кәсіпкер жаңа салық режимін таңдады. Бұл туралы Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 25 ақпандағы жағдай бойынша арнаулы салық режимдеріне көшу қорытындыларын жариялау барысында мәлім етті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

2026 жылғы 1 наурызға дейін салық төлеушілер өздеріне қолайлы салық салу режимін таңдауы қажет. Хабарлама берілмеген жағдайда кәсіпкерлер автоматты түрде жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібіне ауыстырылады.

Департаменттің мәліметінше, бүгінгі таңда 159 869 салық төлеуші салық режимін өзгерту туралы хабарлама тапсырған. Сонымен қатар, елордадағы 29 131 тұрғын өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнайы салық режимінде тіркелген.

Ведомство еске салады: егер салық төлеуші белгіленген мерзімде хабарлама тапсырмаса, заңнамада көзделген жағдайларды қоспағанда, ол 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап автоматты түрде жалпыға бірдей белгіленген салық салу режиміне көшіріледі. Департамент кәсіпкерлерді салық режимін таңдауды кейінге қалдырмай, рәсімді 1 наурызға дейін аяқтауға шақырады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты