Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жаңа стандартқа сәйкес жертөлелер мен паркингтер паналау орындарына бейімделеді

Жаңа стандартқа сәйкес жертөлелер мен паркингтер паналау орындарына бейімделеді
Фото: pixabay.com

Қазақстанда халықты паналау орындарымен қамтамасыз ету қағидалары бекітілді. Жаңа стандарт жертөлелерді, жерасты паркингтерін және басқа да жер асты кеңістіктерін қамтиды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда төтенше жағдайлар кезінде пайдаланылатын паналау орындарына арналған жаңа стандарт күшіне енді. Атап айтқанда, СТ РК 4016-2025 құжаты жертөлелерді, паркингтерді және басқа да жер асты үй-жайларын халықты қорғау мақсатында бейімдеуге қойылатын талаптарды айқындайды. Аталған стандарт 2025 жылға арналған Ұлттық стандарттау жоспары шеңберінде Төтенше жағдайлар министрлігінің өтінімі негізінде ҚазСтандарт тарапынан әзірленді.

ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінде құжаттың төтенше жағдайларға дайындық деңгейін арттыруға және халық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталғаны атап өтті.

Әлемдік тәжірибеде халықты қорғау үшін жертөлелер, цокольдік қабаттар, жерасты өткелдері мен метрополитен сияқты жер асты кеңістіктері кеңінен қолданылады. Қазақстанда да мұндай нысандар азаматтық қорғанысқа арналған қорғаныс құрылыстары ретінде бейімделуі мүмкін.

Жаңа стандарт қолданыстағы нормативтік олқылықтарды жойып, паналау орындарына қойылатын бірыңғай талаптарды енгізеді. Құжат табиғи, техногендік және әскери сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде халықты қорғау мақсатында ғимараттарды тексеру және оларды бейімдеу тәртібін айқындайды.

Стандартта үй-жайлардың құрылымы мен жоспарлануына, сондай-ақ тіршілікті қамтамасыз ету жүйелеріне қойылатын талаптар белгіленген. Олардың қатарына желдету, сумен жабдықтау, электрмен қамту, санитариялық жағдайлар және байланыс жүйелері кіреді. Сонымен қатар ғимараттардың техникалық жай-күйін бағалау тәртібі, оның ішінде көтергіш конструкциялар мен инженерлік жүйелерді тексеру талаптары қамтылған.

Қажет болған жағдайда конструкцияларды күшейту және үй-жайларды қайта бейімдеу шаралары көзделген. Стандартта типтік инженерлік шешімдердің үлгілері мен паналау орындарының жарамдылығын бағалау кестесі берілген.

Жоба Төтенше жағдайлар министрлігі, Қорғаныс министрлігі, Экология және табиғи ресурстар министрлігі, сондай-ақ басқа да мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдармен келісілген.

Келісу барысында ұсынылған ескертулер техникалық шешімдерді әзірлеу кезінде географиялық, климаттық және сейсмикалық ерекшеліктерді ескеру, ұшқышсыз ұшу аппараттарынан қорғану тетіктерін енгізу, қайта бейімдеу сызбаларының үлгілерін қосу, паналау орындарының конструкцияларын күшейту және халықтың қолжетімділігін қамтамасыз ететін автоматтандырылған жүйелерді енгізу мәселелерін қамтыды. Барлық ұсыныстар ескерілді.

Аталған стандартты қабылдау жер асты кеңістіктерін тиімді пайдаланудың бірыңғай тәсілін қалыптастыруға және төтенше жағдайлар кезінде халықты қорғау деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады