Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстан мен Қырғызстан заңсыз сертификаттар айналымының жолын кесу бойынша күш біріктіреді

Қазақстан мен Қырғызстан заңсыз сертификаттар айналымының жолын кесу бойынша күш біріктіреді
Фото: gov.kz

ҚР Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті мен Ұлттық аккредиттеу орталығы делегациясының Бішкек қаласына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша қырғыз әріптестерімен бұзушылықтармен шығарылған сәйкестікті бағалау туралы құжаттарды беру мен таратуға қарсы іс-қимыл жөніндегі бірлескен іс-шаралар жоспарын қалыптастыру және ынтымақтастықты одан әрі дамыту туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Сапар екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды тереңдету және оларды кеңейту үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында ұйымдастырылды. Сапар 2024 жылғы 2-3 ақпанда Алматы қаласында өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысының және Қазақстан Премьер-Министрі мен Министрлер Кабинетінің Төрағасы - Қырғызстан Президенті Әкімшілігі Басшысының елдердің техникалық реттеу саласындағы өзара іс-қимылын дамыту жөніндегі екіжақты кездесуінің қорытындысы бойынша ұйымдастырылды.

Қазақстандық делегацияны Ұлттық аккредиттеу орталығының Бас директоры Талғат Момышев басқарады, делегация құрамында ҰҚО Бас директорының орынбасары Ержан Қарасаев және ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті Мемлекеттік бақылау басқармасының басшысы Динара Жайлаубаева бар.

Қазақстанның Қырғызстандағы Елшілігінің қолдауымен ҰҚО және ТРМК басшыларының Қырғыз Республикасы Экономика және коммерция министрінің орынбасары Айнура Үсенбековамен, Стандарттау және метрология орталығының басшылығымен және Қырғыз Аккредиттеу орталығының әріптестерімен кездесулері өтті.

Сапар барысында Қазақстан Республикасының делегациясы Қырғызстан органдарының техникалық реттеу, стандарттау және аккредиттеу саласындағы қызметімен танысып, тараптар Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасының бұзушылықтармен шығарылған сәйкестікті бағалау туралы құжаттарды беру мен таратудың жолын кесу жөніндегі бірлескен іс-шаралар жоспарын қалыптастыру және ынтымақтастықты тереңдету туралы шешім қабылдады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісімен бірге ән айтты
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында сөз сөйледі
Мемлекет басшысы БАҚ өкілдерін марапаттады
Ақордада су тасқынымен күреске белсене атсалысқан азаматтарды салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті
Мемлекет басшысы Қазақстан-Сингапур бизнес форумында сөз сөйледі
Марат Сұлтанғазиев су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысқан әскерилерді марапаттады