Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстандық мектептерде оқушылардың білім сапасына баға беріледі

Қазақстандық мектептерде оқушылардың білім сапасына баға беріледі
Фото: ҚР Оқу-ағарту министрлігі

1 сәуір - 15 мамыр аралығында еліміздің білім беру ұйымдарында білім сапасын бағалауға арналған PIRLS-2026 және TIMSS-2027 халықаралық зерттеулері өткізіледі. PIRLS-2026 зерттеуінің алтыншы цикліне 50-ден астам ел қатысуда, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

PIRLS - 4-сынып оқушыларының оқу сауаттылығын бағалауға бағытталған халықаралық зерттеу. Қазақстан атынан зерттеуге 219 мектептен 8800-ден астам оқушы қатысады. Сонымен қатар зерттеу сауалнамасына 8800 - ге жуық ата-ана, 400-ге жуық мұғалім және 219 білім беру ұйымының басшысы қатысады.

Айта кетейік, Қазақстан PIRLS зерттеуіне 2016 жылдан бері қатысып келеді. Ағымдағы циклдің ерекшелігі - зерттеудің компьютерлік форматқа көшуі. PIRLS-2026 нәтижелері 2027 жылдың желтоқсан айында жарияланып, бастауыш білім беру жүйесінің оқу бағытындағы тиімділігін бағалауға, оқыту сапасын арттыру бойынша ұсынымдар әзірлеуге және оқушылардың оқу сауаттылығын дамытуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, еліміздің 10 өңірінде 4 және 8-сынып оқушыларының математика және жаратылыстану пәндері бойынша білімін бағалауға бағытталған TIMSS-2027 халықаралық зерттеуінің апробациясы өтеді. Апробацияға 35 мектептен 2500-ден астам оқушы қатысады. Тестілеу компьютерлік форматта жүргізіледі.

TIMSS-2027 халықаралық зерттеуінің негізгі кезеңі 2027 жылдың сәуі-мамыр айларына жоспарланған. Алынған деректер оқу бағдарламаларын жетілдіруге, мектептер мен педагогтерге арналған әдістемелік ұсынымдар әзірлеуге, сондай-ақ білім беру процесінің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады