Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

2026 жылы Алматы – Токио жаңа тікелей әуе рейсі ашылады

2026 жылы Алматы – Токио жаңа тікелей әуе рейсі ашылады
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда 2026 жылы наурыз айында іске қосылатын Air Astana әуе компаниясының жаңа Токио-Алматы тікелей рейсінің қарсаңында Жапонияның ең ірі туроператорлары қазақстандық туристік индустрия өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс-шараны «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы, Air Astana әуе компаниясы және Алматы қаласының Туризм басқармасы ұйымдастырды. Жапон серіктестерінің бұл сапары Қазақстан мен Жапония арасындағы туристік әрі іскерлік серіктестікті нығайту жолындағы маңызды қадам болды.

Кездесуге мәдени, табиғи, премиум және MICE бағыттарында жұмыс істейтін Токионың 10 ірі туроператоры қатысты. B2B форматындағы кездесу барысында тараптар бірлескен бағдарламаларды жүзеге асыру, туристік өнімдерді дамыту және Алматыны «жапон саяхатшылары үшін шығыстың баурап алатын жаңа орталығы» ретінде қалыптастыру мүмкіндіктерін талқылады.

Тянь-Шань таулары, Шымбұлақ курорты, Шарын шатқалы сынды Алматының табиғи көрікті жерлері мен дәстүрлі гастрономиялық бағыттарға қонақтар ерекше қызығушылық танытты.

Алматы-Токио тікелей рейсінің 2026 жылы наурыз айында ашылуы Қазақстан мен Жапония арасындағы байланысты дамытудың маңызды кезеңі болмақ. Бұл бағыт екі ел арасындағы сапарды жеңілдетіп, туристердің саяхаттауына тың серпін береді. Алдын ала болжам бойынша әуе рейсі іске қосылған алғашқы жылы Жапониядан 5-7 мыңға дейін турист келуі мүмкін.

«Жапония – Қазақстан үшін стратегиялық маңызды нарық. Бұл сапар мен болашақ Air Astana рейсі екі ел арасындағы өзара ынтымақтастық пен қызығушылықты жаңа деңгейге көтереді», – деді Алматы қаласы Туризм басқармасының өкілдері.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті