Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қытайдан 36 мыңнан астам турист: Алматы туризм саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейтеді

Қытайдан 36 мыңнан астам турист: Алматы туризм саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейтеді
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы Қытай туроператорларының назарын өзіне аударып отыр. Бейжіңде өткен Beijing International Tourism Expo (BITE 2025) халықаралық туристік көрмесінің қорытындысы бойынша мегаполиске Қытай Халық Республикасынан 2025-2026 жылдары 36 мыңнан астам турист тартуды көздейтін 30 келісімге қол қойылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі қалалық туризм басқармасына сілтеме жасап.

Қытай Алматы үшін туризм бағытындағы маңызды нарықтардың бірі. 2024 жылы шаһарға Қытайдан 99 167 турист келген. Бұл шетелдік қонақтардың жалпы санының 14,4%-ы.

Айта кетейік, 2025 жылы 27-29 маусымы аралығында Алматы өзінің туристік әлеуетін Азия-Тынық мұхиты аймағындағы ең ірі іс-шараның бірі BITE 2025 көрмесінде таныстырды. Аталған көрмеге 60-тан астам елдің өкілдері қатысты. Алматының стендіне келген қонақтар қала мәдениетімен жақынырақ танысты: қазақтың ұлттық музыкасы шырқалып, дәстүрлі ас мәзірі ұсынылды, қолөнер бұйымдары мен тарихи үлгіде жасалған зергерлік әшекейлер қойылды.

Көрме қорытындысы бойынша Алматы стенді мазмұны мен жоғары деңгейде ұйымдастырылғаны үшін арнайы Best Organizing Award жүлдесіне лайық деп танылды.
BITE 2025 көрмесіне қатысу Алматыны дәстүрі бай, мәдениеті кемел және заманауи туристік инфрақұрылымы дамып келе жатқан ерекше бағыт ретінде халықаралық аренада насихаттаудың маңызды қадамына айналды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті