Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жамбыл облысында жол ережесін бұзған той кортежі анықталды

Жамбыл облысында жол ережесін бұзған той кортежі анықталды
Фото: polisia.kz

Шу ауданында бейнебақылау камераларының көмегімен "той кортежін" ұйымдастырып, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған жүргізушілер анықталды, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға барысында көлік қозғалысы қарқынды жолда бірнеше автокөлік ретсіз қозғалып, бір-бірін басып озуға тырысқан. Сонымен қата кейбір азаматтар көлік терезесінен шығып, айқайлап, қауіпсіздік талаптарын мүлде елемеген. Мұндай әрекеттер өзге жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына айтарлықтай қауіп төндірген.

Полиция қызметкерлері жедел шаралар қабылдап, BMW, Toyota Camry, Mercedes, Mitsubishi автокөліктерінің жүргізушілерін анықтап, оларды әкімшілік жауапкершілікке тартты. Аталған көліктер арнайы айып тұрағына қойылды. Жамбыл облысы полиция департаменті мұндай "көңіл көтеру" әрекеттері қайғылы жағдайларға әкелуі мүмкін екенін ескертіп, жолдың ойын-сауық алаңы емес екенін тағы бір мәрте еске салады. Сондай-ақ азаматтарды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтап, жауапкершілік танытуға шақырады.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады