Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыдағы Сәтбаев көшесі халықаралық стандарттарға сай жаңартылады

Алматыдағы Сәтбаев көшесі халықаралық стандарттарға сай жаңартылады
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Алматыда Сәтбаев көшесін кешенді көркейту аясында жайлы әрі қауіпсіз қоғамдық кеңістік құрылады. Бұл жұмыс Луганский көшесінен Байзақов көшесіне дейінгі ұзындығы 3,7 шақырым болатын аумақта жүргізіледі. Бұл туралы Қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасының өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жоба қалалық ортаны қалыптастырудағы заманауи тәсілдер мен халықаралық тәжірибелерді ескере отырып әзірленген. Тұжырымдаманы британиялық LDA Design компаниясы дайындаған.

Жоба аясында ауқымды көгалдандыру жұмыстары көзделген. Атап айтқанда, ірі жапырақты және қылқан жапырақты ағаштар, бұталар мен көпжылдық гүлзарлар егіледі. Бұл көшенің тұрақты жасыл қаңқасын қалыптастырып, аумақтың экологиялық жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, жарықтандыру тіректері жаңартылып, жаңа көріктендіру стандарттарына сай заманауи шағын сәулет нысандары мен арт-нысандар орнатылады.

Жоба аясында жаяу жүргіншілер қозғалысына басымдық берілген жайлы әрі қауіпсіз орта құруға ерекше мән берілген. Ең алдымен, кеңістік жаяу жүргіншілер үшін қолайлы етіп ұйымдастырылады. Сонымен қатар автокөлік қозғалысының да функционалдығы сақталады. Көше серуендеуге, демалуға және күнделікті пайдалануға ыңғайланып, қала тұрғындарының барлық санаты үшін қолжетімділік қағидаттары ескеріледі.

Жұмыстар кезең-кезеңімен жүргізіліп, негізгі учаскелерде жүргіншілердің кедергісіз қозғалысы қамтамасыз етіледі. Алғашқы кезеңде жұмыс Республика алаңында басталып, 1 маусымға дейін аяқталады.

Жобаны жүзеге асыру нәтижесінде Сәтбаев көшесі транзиттік аумақ қана емес, заманауи, жасыл әрі адамға бағытталған қоғамдық кеңістікке айналады. Жаңартылған көше қала тұрғындары мен қонақтары үшін тартымды демалыс және серуендеу орнына айналып, Алматының инвестициялық және туристік әлеуетін арттыра түседі.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады