Астана қаласының Алматы ауданында ауа райының қолайлы болуына байланысты абаттандыру жұмысы белсенді түрде басталады. Бекітілген жобаларды іске асыру аясында қоғамдық кеңістіктерді жөндеу және көгалдандыру бойынша ауқымды шаралар жоспарланған. Бұл туралы Алматы ауданы әкімдігінің абаттандыру бөлімінің басшысы Данияр Қожахметов мәлімдеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
2025 жылы жаяу жүргіншілер аймағын жөндеу және көшелер мен аулалар бойында демалыс алаңдарын орнату көзделген. Жоба аясында брусчатка мен асфальтбетон жамылғысын, жиектастарды ауыстыру, шағын архитектуралық формаларды орнату қарастырылған. Жөндеу жұмысы мына учаскелерде жүргізіледі:• Абылай хан даңғылы;• Қажымұқан көшесі;• Рысқұлбеков көшесі;• Жұмабаев көшесі;• «Триатлон паркінің» көпір астындағы кеңістіктер;• Оқушылар сарайы алдындағы алаң;• Оңтүстік-Шығыс (Келес тұйығы) және Теміржолшылар (Керегетас көшесі) тұрғын алаптарындағы саябақтар.Сонымен қатар, Ақбұлақ өзенінің жағалауын (13 км) қайта жаңарту жоспарланып отыр. Жоба төрт аймаққа – классикалық, спорттық және экологиялық аймақтарға бөлінген.
Сондай-ақ, Оңтүстік-Шығыс ауданының Р.Қошқарбаев көшесі бойындағы гүлзарды абаттандыру және Есіл өзенінің Амман көшесінен Сығанақ көшесіне дейінгі жағалауын реконструкциялау жұмысы көзделіп отыр.Балалар мен спорт алаңдарын, көлеңкелі шатырларды, тіреу қабырғаларын, жарықтандыру жүйелерін, орындықтар мен қоқыс жәшіктерін орнату, сондай-ақ суару жүйелерін жабдықтау жұмысы жүргізіледі.
Қылқан жапырақты және жапырақты ағаштар, бұталар мен көпжылдық гүлдер отырғызу жоспарланып отыр.Ауданның көгалдандырылуына ерекше назар аударылады. Қ.Мұңайтпасов пен М.Жұмабаев көшелерінде бүгінде 200-ге жуық ағаш (үйеңкі, терек, шетен, жөке) отырғызылып, тағы 550 ағаш отырғызу жоспарланып отыр. Жалпы аудан бойынша 10 000 ағаш отырғызу көзделген.«Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында 1 маусымда 3 абаттандырылған аула ашылды, жыл соңына дейін 17 аула жөнделмек. Жобаны іске асыру барысында тұрғындардың барлық ұсынысы ескеріледі.Жалпы, биыл қала бойынша 180-нен астам аула мен қоғамдық кеңістік абаттандырылмақ.