Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Семейде алимент төлеуден жалтарған әйел жаза арқалады

Семейде алимент төлеуден жалтарған әйел жаза арқалады
Фото: pixabay.com

Семей қаласының 37 жастағы тұрғыны кәмелетке толмаған балаларына алимент төлеуден жалтарғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұған дейін әйел алкогольдік ішімдіктерді шамадан тыс пайдаланғанына байланысты ата-ана құқығынан айырылған. Оның 15, 13 және 9 жастағы үш баласы мемлекет қамқорлығына берілген. Сот шешімімен анадан балалар тәрбиеленіп жатқан мекеменің пайдасына олардың жеке шоттарына аудару арқылы алимент өндіріп алу белгіленген. Алайда екі жыл бойы әйел өз міндеттерін орындаудан жалтарып келген. Нәтижесінде берешек сомасы төрт миллион теңгеден асып кеткен. Сот оны кінәлі деп танып, бір жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Сотталған әйел Семей қаласы Әуезов ауданының пробация қызметінің есебіне алынды. Есепке қою кезінде оған жазаны өтеу тәртібі мен шарттары, сондай-ақ оларды бұзудың салдары түсіндірілді.

– Ата-ана құқығынан айырылған кезде мен болған жағдайдың қаншалықты маңызды екенін түсінбедім. Бұл уақытша ғана деп ойладым, бір жыл өтеді де, балаларымды қайтарамын, бәрін жаңадан бастаймын деп сендім. Бірақ балаларым үшін күресудің орнына, бұрынғы өмір салтымды жалғастырып, алкогольге әуестеніп кеттім, жұмысқа орналасуды кейінге қалдыра бердім. Уақыт өте келе балаларыммен байланыс үзілді. Қазір олар есейді, менімен сөйлескісі келмейді. Бұл – менің өмірімдегі ең үлкен қасірет, өз қателігімнің салдарынан ең қымбат дүниемнен – балаларымнан, олардың сенімі мен махаббатынан айырылдым. Қазір менде отбасы да, қолдау да, бұрынғы еркіндік те жоқ. Соған қарамастан, мен берілмеймін. Кеш болса да, өмірімді өзгертіп, дұрыс жолға түсіп, балаларымның сенімі мен махаббатын қайтару үшін бар күшімді саламын, – деді сотталған әйел.



– Мұндай жағдайлар ерекше бақылауда болады. Пробация қызметінің негізгі міндеті – жазаның орындалуын бақылаумен қатар, сотталғандарды әлеуметтік бейімдеуге жәрдемдесу. Аталған жағдайда әйелмен жеке профилактикалық жұмыс жүргізіліп, оны жұмысқа орналастыруға, зиянды әдеттерден арылуына және әлеуметтік байланыстарын қалпына келтіруге бағытталған, – деп атап өтті Семей қаласы Әуезов ауданы пробация қызметі бастығының орынбасары Қуаныш Тұрарқанов. 

Қазіргі уақытта сотталған әйелмен жұмыс жалғасуда. Пробация қызметінің қызметкерлері оған жұмысқа орналасу және әлеуметтік оңалту бағытында қажетті қолдау көрсетуде.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады