Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Абай облысында алимент төлемеген ер адам бас бостандығынан айырылды

Абай облысында алимент төлемеген ер адам бас бостандығынан айырылды
Фото: Polisia.kz

Абай облысында алимент төлемеген ер адам бас бостандығынан айырылды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ер адам екі жыл бойы алимент төлемей, кәмелетке толмаған екі баласына екі миллион теңгеге жуық қарыз болған. Бірақ сот шешіміне қарамастан, ол пробация қызметінің есебінде тұрғанда өзіне тиісті қорытынды жасамай, жазасын өтеу шарттарын жүйелі түрде бұзған.

Абай облысы Ақсуат ауданының 32 жастағы тұрғыны алимент төлемегені үшін сот оған жазаны өтеудің бүкіл мерзіміне жүз сағатқа мәжбүрлі жұмысқа тарту арқылы бір жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.
Сотталған пробация қызметінің есебіне келмеген және тексеру кезінде тұрғылықты жерінде болмаған. Бұл үшін бас бостандығын шектеу өтелмеген алты ай мерзімге бас бостандығынан айырумен ауыстырылды.

– Әйелім екеуміз екі жыл бұрын ажырасып кеттік, екі ұлымыз бар, үлкенім – 3 жаста, кенжесі – 2 жаста. Ажырасқаннан кейін бұрыңғы әйелім менің көмегімсіз мәселені өз бетімен шеше алатынын ойлап, жеке өмір сүрдім. Ресми жұмысым жоқ, тапқан-таянғанымның бәрі ішімдікке кететін, ол кезде алимент төлемесем бас бостандығымнан айырыламын деп ойламаппын, қазір осылай істегеніме қатты өкінемін, – деп бөлісті сотталған.


– Пробация қызметіне тіркелген кезде алимент төлеуден жалтарған сотталғандармен, біз бірінші кезекте балаларды ойлап, оларды дереу жұмысқа орналастыруға тырысамыз, кейбір сотталғандар өз ісіне өкінеді, жұмыс істейді, отбасына оралуға тырысады, бірақ кейде бас бостандығынан айыру жазасына кесілген сотталғандар да болады. Алимент төлеуден жалтаруды және жазаны өтеуді жалғастыру, бұл жағдайда бас бостандығын шектеуді бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы сотқа материалдарды жібереміз, – дейді Ақсуат аудандық пробация қызметінің аға инспекторы Бақытбек Нұрахметов.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты