Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Маңғыстау облысында алимент төлеуден жалтарған 19 адам сот үкімімен жазаланды

Маңғыстау облысында алимент төлеуден жалтарған 19 адам сот үкімімен жазаланды
Фото: Polisia.kz

Маңғыстау облысында алимент төлеуден жалтарған 19 адам сот үкімімен жазаланды, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің пробация қызметінде қазіргі таңда 970 адам есепте тұр. Олардың ішінде 19-ы кәмелетке толмаған балаларына алимент төлеуден жалтарғаны үшін сот үкімімен жазаланған тұлғалар. Алимент төлеу — тек заңдық міндет емес, ата-аналық жауапкершіліктің бір бөлігі. Алайда, кейбір азаматтар бұл жауапкершілікті орындамай, соның салдарынан қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Пробация қызметінің инспекторлары сотталғандардың алименттік қарыздарын тұрақты бақылап, түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Сонымен қатар әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету арқылы олардың ресоциализациясына ықпал ету шаралары да қолға алынуда.

Мысалы Жаңаөзен қалалық пробация қызметінде есепте тұрған М. есімді азамат кәмелетке толмаған қызына алиментті уақтылы төлемеген. Оның жалпы қарызы 3 миллион теңгеден асып кеткен. Жұмысынан шығып қалғанымен, жұмыссыз ретінде тіркелмеген. Сот үкімімен ол 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу және 100 сағат мәжбүрлі еңбекке тарту түріндегі жазаға кесілді. Тағы бір есептегі азамат — С. есімді борышкердің де жағдайы ұқсас. Оның алименттік берешегі 2 миллион теңгеден асады. Екі баласы бар, бірақ өз міндетін орындамағаны үшін сот шешімімен 1 жыл мерзімге бас бостандығы шектеліп, 100 сағат мәжбүрлі еңбекке тартылды.

Пробация қызметінің басты мақсаты — сотталған тұлғаларды қоғамнан оқшауламастан түзету, оларды қайта әлеуметтендіру және қайталама құқықбұзушылықтардың алдын алу. Бұл бағытта пробация қызметі түрлі мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдармен бірлесе отырып, есептегі тұлғалармен кешенді жұмыстар жүргізіп келеді. Алимент төлеуден жалтару — тек заң бұзушылық емес, баланың тағдырына жасалған қиянат. Сондықтан әр ата-ана өз жауапкершілігін сезініп, заңмен белгіленген міндеттерін орындауы тиіс.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді