Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада экоакция барысында «Таза Қазақстан» алып туы жайылды

Астанада экоакция барысында «Таза Қазақстан» алып туы жайылды

«Наурызнама» онкүндігі аясында Астанада «Тазару күні» жалпы қалалық экологиялық іс-шарасы өтті. Оның барысында «Таза Қазақстан» алып туын жаю перформансы ұйымдастырылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Бастама аясында тазалық жұмысы Наурыз мейрамы күндері концерттер, жәрмеңкелер мен іс-шаралар өткен барлық алаңда жүргізіліп жатыр. Санитарлық тазалыққа жастар, қала тұрғындары, МИБ және ПИК өкілдері, еріктілер мен коммуналдық қызметкерлер жұмылдырылды.

Сенбілік жұмысы қаланың негізгі қоғамдық кеңістіктерінде де өтті.

Ауқымды экологиялық акциялардың бірі EXPO аумағында ұйымдастырылды. Мұнда еріктілер мен жастардың қатысуымен жаппай сенбілік өткізіліп, онда ең үлкен ту жайылды.

«AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар рухы» жастар қанаты филиалының төрағасы Арсланбек Мағзұмның айтуынша, сенбіліктер қаланың барлық ауданында, әсіресе Наурыз мерекелік іс-шаралары өткен орындарда ұйымдастырылды.

Оның сөзінше, бұл акция халық арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Таза Қазақстан» республикалық бастамасының бір бөлігі болды.

«Біз қала бойынша, әсіресе Наурыз өткен орындарда сенбіліктер ұйымдастырдық, өйткені жаппай іс-шаралардан кейін қоқыс қалады.Акцияға жастар мен эковолонтерлер белсенді қатысты. Бұл тек тазалық емес, бұл – тазалық мәдениетін қалыптастыру», – деді ол.

Іс-шараның ерекше сәттерінің бірі – «Таза Қазақстан» жазуы бар алып туды жаю. Ұйымдастырушылардың айтуынша, ол әрбір тұрғынның қала тазалығына деген жауапкершілігін білдіріп, өзгерісті өзінен бастауға үндейді.

«Әрбір тасталған қоқыс – адамның ізі. Сондықтан әркім өз ортасына үлгі болып, ортақ үйімізге ұқыппен қарауы маңызды», – деп атап өтті Арсланбек Мағзұм.

«Тазару күні» сияқты акцияларды өткізу – қаланы абаттандыру және елорда тұрғындарының экологиялық санасын қалыптастыру бағытындағы маңызды жұмыс.

Еске сала кетейік, биыл Астанада Наурыз мейрамы жаңа форматта кең көлемде аталып өтті. 10 күн бойы қала бойынша ұлттық тағамдар жәрмеңкелері, концерттер, түрлі іс-шаралар, спорт жарыстары ұйымдастырылып, заманауи интерактивті алаңдар жұмыс істеді. Биылғы мерекенің ерекшелігі — Digital-алаңдар мен жасанды интеллект элементтерін ұлттық дәстүрлерді насихаттауда кеңінен қолдану болды. Мереке дәстүр мен жаңа технологияларды үйлестіріп, елорда тұрғындары мен қонақтарына ерекше әсер сыйлады.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады