12 шілде күні, Алматы қаласының барлық аудандарында «Таза Қазақстан» республикалық бастамасы аясында кең ауқымды сенбілік өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Экологиялық акцияға қаланың тұрғындары, еріктілер, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері мен мемлекеттік қызметшілер белсене қатысты.Бұл бастаманың мақсаты — қала көшелерін тазарту ғана емес, сонымен қатар экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, азаматтық жауапкершілікті арттыруға және ұлтаралық бірлікті нығайтуға үлес қосу.Кеше, 12:02
Таза қала: экологиялық акция Алматыны біріктірді

Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз