Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада Тазару күніне орай ауқымды тазалық жүріп жатыр

Астанада Тазару күніне орай ауқымды тазалық жүріп жатыр
Фото: Астана қ. әкімдігі

«Наурызнама» онкүндігі дәстүрлі түрде 23 наурыз – Тазару күнімен аяқталады. Осы күні қала бойынша ауқымды сенбілік ұйымдастырылуда. Коммуналдық қызметтер қыстан кейін санитарлық тазалау жұмысына кірісті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілішсі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Астанада бұл күні «Таза Қазақстан» ауқымды экологиялық бастамасы аясында «Өзіңнен баста» акциясы өтіп жатыр. Ол қала тұрғындарын бірігіп, айналаны таза әрі көрікті етуге шақырады.

Аталған бастама аясында қаланың барлық алты ауданында қар мен қоқысты тазарту жұмысы жүргізілуде.Елорда бойынша шағын сәулет нысандарын, ескерткіштер мен мүсіндерді, қоқыс алаңдары мен контейнерлерді жуу және қалпына келтіру жүріп жатыр. Сондай-ақ аялдама кешендері, тротуарлар, қоршаулар, жарық бағаналары, арықтар мен су айдындарының жағалау аймақтары тазартылып, жуылуда.

Қала тұрғындары да аулалар мен көшелерді тазалау жұмысына белсенді қатысуда.

Дәстүр бойынша еріктілер жалғызбасты зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандардың аулаларын қар мен қоқыстан тазартуға арналған қайырымдылық акциясын ұйымдастыруда. Бұл шараға еріктілермен қатар белсенді қала тұрғындары да қатысып жатыр.

Аталған бастама қаладағы экологиялық жағдайды жақсартуға, қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға және тұрғындардың тазалық пен тәртіпке деген жауапкершілігін арттыруға бағытталған.

Еске сала кетейік, биыл Астанада Наурыз мейрамы жаңа форматта кең көлемде аталып өтті. 10 күн бойы қала бойынша ұлттық тағамдар жәрмеңкелері, концерттер, түрлі іс-шаралар, спорт жарыстары ұйымдастырылып, заманауи интерактивті алаңдар жұмыс істеді. Биылғы мерекенің ерекшелігі – digital-алаңдар мен жасанды интеллект элементтерін ұлттық дәстүрлерді насихаттауда кеңінен қолдану болды. Мереке дәстүр мен жаңа технологияларды үйлестіріп, елорда тұрғындары мен қонақтары үшін ерекше шынайы атмосфера қалыптастырды.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады