Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада қандай инвестжобаларға қолдау көрсетілді

Астанада қандай инвестжобаларға қолдау көрсетілді
Фото: Астана қ. әкімдігі

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында қолдау көрсетілген инвестжобалар туралы жазды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Біз елорданың дамуына жеке инвестициялар тарту жұмысын жүйелі түрде жүргізіп келеміз: бұл тек әлеуметтік инфрақұрылымға ғана емес, сол сияқты өңдеу өнеркәсібі, логистика, көлік және экономиканың басқа да негізгі салаларындағы жобаларға бағытталған. 2025 жылдың қорытындысы бойынша елорда экономикасына рекордты көлемде инвестиция тартылды – шамамен 2,5 трлн теңге, бұл өткен жылмен салыстырғанда 21,3%-ға артық.

Бұл көрсеткіштердің артында жаңа жұмыс орындарын ашу, өндірістік қуаттарды кеңейту, қалалық инфрақұрылымды дамыту және елорданың инвестициялық тартымдылығын арттыру жұмысы жатыр.

Инвестициялық штабтың кезекті отырысында инвесторлардың бірнеше ұсынысын қарадық. Олар – 3 мың оқушыға арналған халықаралық мектеп, серверлік жабдықтар шығаратын зауыт, футбол академиясы және т.б. Арнайы назар 960 орындық деректер өңдеу орталығы және Tier IV сенімділік деңгейіндегі деректер орталығы сияқты жобаларға аударылды. Жоба жалпы қуаты 100 МВт-қа дейінгі маңызды IT жүйелерін орналастыруға арналған инфрақұрылым құруды көздейді, оның бірінші кезеңі 2027 жылы іске қосылады деп жоспарланып отыр. Осы бастамалардың іске асуы Астананың аймақтық цифрлық хаб ретіндегі позициясын нығайтуға септігін тигізеді.

Инвестштабта ұсынылған жобалардың жалпы инвестициялық көлемі 380 млрд теңгеден асады. Оларды іске асыру 2026-2031 жылдарға жоспарланған, соның нәтижесінде 1200-ден астам жаңа жұмыс орны ашылады.

Аймақтық инвестициялық штаб отырысы тұрақты түрде өткізіледі, инвесторларға жобаларды жүзеге асырудың барлық кезеңінде жан-жақты қолдау көрсетіледі», – деп жазды Жеңіс Қасымбек.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді