Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада қандай инвестжобаларға қолдау көрсетілді

Астанада қандай инвестжобаларға қолдау көрсетілді
Фото: Астана қ.әкімдігі

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында инвесторлармен кездесуде талқыланған мәселелер туралы жазды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Елорданың дамуына жеке инвестиция тарту жұмысы жалғасып жатыр. Бұл экономикалық тұрақты өсімді қамтамасыз етіп қана қоймай, орнықты жұмыс орындарының құрылуына да ықпал етеді. 2024 жылы қаланың экономикасына шамамен 2 триллион теңге инвестиция тартылды, бұл 2023 жылмен салыстырғанда көп.

Инвестштаб отырысында инвесторлардың бірқатар ұсынысы қаралды. Мәселен, көпфункционалды логистикалық бөлу кешенін және шаруашылық дүкендер желісінің кешенін салу, тау-кен металлургиясына арналған зертханалық кешен, жарықтандыру бағаналарын өндіретін өндірістік кешен мен геохимиялық зертхана салу жобалары ұсынылды. Ұсынылған жобалардың жалпы инвестициялық көлемі шамамен 100 млрд теңгені құрайды. Бұл шамамен 3 мың жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

Өңірлік инвестициялық штабтың отырыстарын тұрақты түрде өткізіп тұрамыз. Жауапты басқармаларға инвесторлармен тығыз ынтымақтастық орнатып, жан-жақты қолдау көрсетуді тапсырдым», – деп жазды Жеңіс Қасымбек.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті