Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Рекордты көлемде инвестиция: Астана 2,5 трлн теңгеден астам қаражат тартты

Рекордты көлемде инвестиция: Астана 2,5 трлн теңгеден астам қаражат тартты
Фото: Астана қ. әкімдігі

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында елорданың дамуы үшін тартылған инвестиция туралы жазды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Қаланың дамуына жеке қаражат тартуды жалғастырамыз. Бұл тек әлеуметтік нысандарға ғана емес, сол сияқты өңдеу өнеркәсібі, логистика, көлік және т.б. салаларға қатысты. Елорда экономикасына 2025 жылы рекордты көлемде инвестициялар тартылды – шамамен 2,5 трлн теңге, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 21,3%-ға көп.

Кезекті инвестштабтың отырысында бірқатар инвестордың ұсыныстары қаралды. Олар – 500 МВт қуатты бу-газ қондырғыларын салу және пайдалану, логистикалық парк салу, 1000 балаға арналған күндізгі және пансионатты үлгідегі жеке мектеп салу және т.б.

Сонымен қатар, штабтың қарауына №2 Индустриялық паркке енгізілетін жобалар да ұсынылды. Оларға мотор майын өндіретін зауытты, ұнтақ және индустралды жабындарды шығаратын зауытты, ғылыми-зерттеу орталығын құруды, алюминий бұйымдарын өндіретін зауытты салу жатады.

Биыл іске қосылатын инвестициялық жобалардың саны шамамен 60-қа жетеді, ал инвестиция көлемі – 220 млрд теңге. Бұл жобалар 2 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

Өңірлік инвестициялық штаб отырыстарын тұрақты түрде өткіземіз, инвесторларға жан-жақты қолдау көрсетеміз», – деп жазды Жеңіс Қасымбек.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді