Алматыда көгалдандыру және экологиялық жағдайды жақсарту бойынша жұмыстар қызу жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдгінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қалада 4 миллионға жуық ағаш өсіп тұр, оның 570 мыңға жуығы жаңартуды қажет етеді — олардың дені апатты жағдайда, қауіпсіздікке қауіп төндіреді. Бес жылдық жоспарға сәйкес, жыл сайын кесілетін апатты жағдайдағы ағаштар біртіндеп көбейеді. 2023-2025 жылдары жыл сайын 17 мың ағашты кесу жоспарланған, ал 2026 жылға қарай 27 мың ағаш оталады.Сонымен қатар, әрбір кесілген ағаштың орнына жаңасы отырғызылады. Бір апаттық жағдайдағы ағаштың орнына он жаңа көшет егіледі. Биыл 173 мың ағаш отырғызу көзделген.Эстетика мен қауіпсіздікті арттыру үшін ағаштар санитарлық мақсатта кесіліп жатыр. Қала күні қарсаңында саябақтар мен қоғамдық орындар жиналып, тазалық апталығы өтіп жатыр.12-09-2024, 15:47
Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында қала көгалдандырылып жатыр
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз