Талдықорған қаласында "Мигрант" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері көші-қон заңнамасының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған кешенді тексеру жұмыстарын жүргізді, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Іс-шара барысында 27 шетелдік азамат анықталды. Тексеру нәтижесінде қабылдаушы тараптан заң бұзушылықтар тіркелді — шетелдік жұмыс күшін және еңбек иммигранттарын заңсыз тарту фактілері анықталды. Кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылды. Құқық қорғау органдары көші-қонды бақылау мәселелері қоғамдық қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етудегі басым бағыттардың бірі болып қала беретінін атап өтті.
Аталған бағыттағы профилактикалық жұмыстар жалғасып жатыр. Полиция қызметкерлері профилактикалық іс-шаралар өткізіп, заңнама талаптарын түсіндіруде және құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша шаралар қабылдауда.