Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада көші-қон заңнамасын бұзған шетел азаматтары анықталды

Астанада көші-қон заңнамасын бұзған шетел азаматтары анықталды
Фото: polisia.kz

Астанада көші-қон заңнамасын бұзу деректері бойынша 1400 шетелдік жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Астана қаласы полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасы көші-қон заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіп келеді. Жыл басынан бері жүргізілген тексерулер мен рейдтік іс-шаралар барысында Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзу деректері анықталды. Атап айтқанда Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 517-бабы бойынша шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 1400 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қабылдаушы жеке және заңды тұлғалардың көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін ӘҚБтК-нің 518-бабы бойынша Қазақстан Республикасының 432 азаматы жауапкершілікке тартылды. Бұдан бөлек, Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып шетелдік жұмыс күшін және еңбек иммигранттарын тарту деректері де анықталды. ӘҚБтК-нің 519-бабы бойынша мұндай құқық бұзушылықтарға жол берген 32 жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың шешімімен 250 шетелдік Қазақстан Республикасының аумағынан шығарылды. Оның ішінде 57 шетелдік мәжбүрлі түрде ел аумағынан шығарылды. Полиция департаменті азаматтарды және елорда қонақтарын Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасының талаптарын қатаң сақтауға шақырады. Шетел азаматтарын қабылдайтын тұлғалар олардың уақытылы тіркелуін және ел аумағында заңды негізде болуын қамтамасыз етуі тиіс.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді