Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Павлодарда мемлекетаралық іздеуде жүрген шетелдік азамат ұсталды

Павлодарда мемлекетаралық іздеуде жүрген шетелдік азамат ұсталды
Фото: Polisia.kz

Павлодарда мемлекетаралық іздеуде жүрген шетелдік азамат ұсталды, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Павлодар облысында өтіп жатқан "Заңсыз келуші" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында құқық қорғау органдары аса ірі көлемдегі алаяқтық қылмысы бойынша мемлекетаралық іздеуде жүрген шет мемлекеттің азаматын анықтап, қолға түсірді. Күдікті өңірдегі өнеркәсіптік нысандардың бірінде ұсталды. Қазіргі таңда аталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды. Павлодар облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оны іздестіруге бастамашы болған мемлекетке экстрадициялау рәсімдері жүргізілуде. Іс-шара барысында көші-қон заңнамасының сақталуын тексеру нәтижесінде үш күн ішінде 262 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 175-і – шетел азаматтары, 87-сі – Қазақстан азаматтары. Сонымен қатар 13 шетелдік ел аумағынан шығарылды, ал 5 іс азаматтық сот өндірісі тәртібімен қарауға жолданды. Полиция қызметкерлері мұндай іс-шаралар қоғамдық тәртіп пен көші-қон саласындағы заңдылықты қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді