Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада дипломатиялық корпус өкілдеріне арналған дәстүрлі «Наурыз балы» өтті

Астанада дипломатиялық корпус өкілдеріне арналған дәстүрлі «Наурыз балы» өтті
Фото: ҚР СІМ баспасөз қызметі

Елорданың театрында Қазақстанда аккредиттелген шетелдік дипломатиялық миссиялар мен халықаралық ұйымдар басшыларының қатысуымен жыл сайынғы «Наурыз балы» өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Наурызнама» онкүндігі аясында ұйымдастырылған бұл іс-шара бірлік пен жаңаруды айшықтайтын мәдени дипломатияның маңызды платформасына айналды.

Салтанатты кештің ашылуында Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Наурыз мейрамының биылғы ерекше маңызына тоқталды. Ол мерекенің жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі республикалық референдуммен тұспа-тұс келуінің символдық мәні бар екенін атап өтті. Министр халықтың реформаларды қолдауы Қазақстанның әділдік пен инклюзивті қоғам құру принциптеріне адалдығын дәлелдейтінін жеткізді.

ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев өз сөзінде Наурыздың халықтар арасындағы өзара түсіністік пен сенімді нығайтудағы мәдени дипломатияның негізгі элементі ретіндегі рөлін баса айтты. Дипломаттың айтуынша, мерекенің басты құндылықтары – ынтымақ пен жаңару халықаралық ынтымақтастықтың іргетасы.

Сонымен қатар іс-шара бағдарламасы шетелдік қонақтарды қазақтың мәдени кодымен таныстыруға бағытталды. Қонақтар киіз үй құру үдерісін тамашалап, ұлттық билер бойынша шеберлік сағаттарына қатысты. Сондай-ақ, дипломаттар дәстүрлі сайыстарға қатысып, қазақ дастарқанының ерекшеліктерімен танысты, бұл оларға халқымыздың қонақжайлылық атмосферасын сезінуге мүмкіндік берді. Музыкалық бөлімде әлемдік классика мен қазақ фольклорының синтезі ұсынылып, танымал туындылар ұлттық аспаптарда орындалды.

Мерекелік кешке дипломатиялық корпус пен халықаралық ұйымдардың (БҰҰ, ЮНИСЕФ, ДДСҰ, ХКҰ, ЕҚЫҰ және Дүниежүзілік банк70-тен астам басшылары мен өкілдері қатысты.

Салтанатты шара соңында дипломатиялық миссия басшылары мұндай мәдени бастамалар халықаралық қоғамдастықты жұмылдыруда және ортақ құндылықтарды ілгерілетуде зор маңызға ие екенін атап өтті.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті