Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада колледж студенттеріне арналған 1000-ға жуық орындық жаңа жатақхана ашылды

Астанада колледж студенттеріне арналған 1000-ға жуық орындық жаңа жатақхана ашылды
Фото: Астана қ. әкімдігі

Астанада колледж студенттеріне арналған 938 орындық жаңа жатақхананың салтанатты ашылуы өтті. Іс-шара «Наурызнама» мерекелік онкүндігі аясындағы Отбасы күніне орай ұйымдастырылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жаңа жатақхана тек инфрақұрылымдық нысан ретінде ғана емес, студенттік қауымдастықты қалыптастыратын кеңістік ретінде қарастырылады.

Жаңа ғимарат пайдалануға берілгенге дейін елордада 16 колледжге қарасты 18 жатақхана жұмыс істеген, оның бесеуі – мемлекеттік, он бірі – жекеменшік. Оларда 2301 студент тұрған, ал орын тапшылығы шамамен 1300 төсек-орынды құрады.

Бейбітшілік көшесінде орналасқан жаңа жатақхананың құрылысы 2025 жылдың қаңтарында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетігі аясында басталған. Кешен 938 орынға есептелген және оның құрамында студенттік бастамалар, стартаптар мен қолданбалы жобаларды дамытуға арналған акселерация орталығы бар.

«Бүгін біз жай ғана жаңа жатақхананы ашып отырған жоқпыз, жастардың өмір сүруі мен дамуына арналған жайлы, қауіпсіз әрі заманауи кеңістік қалыптастырып отырмыз. Бұл – елордамызда қолжетімді әрі сапалы білім беруді қамтамасыз ету жолындағы маңызды қадам.

Бұл оқиғаның Наурыз мейрамы күндерімен тұспа-тұс келуі де символдық мәнге ие. Бұл – жаңару, жаңа бастамалар мен бірлік кезеңі. Бұл жатақхана сіздер үшін тек білім алатын орын ғана емес, достар табатын, идеяларыңызды жүзеге асыратын және болашағыңызды қалыптастыратын нағыз үйге айналсын. Жобаны іске асыруға атсалысқан азаматтарға алғысымды білдіремін. Алдағы уақытта да жастардың жан-жақты дамуына жағдай жасау бағытында бірлесіп жұмыс істейміз деп сенемін.

Баршаңызды осы маңызды оқиғамен құттықтаймын! Студенттерге оқуда табыс, жарқын жетістіктер және ертеңгі күнге сенім тілеймін!» – деді ашылу салтанатында елордалық білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев.

Жаңа жатақхана заманауи жайлылық пен қауіпсіздік талаптарына толық сай келеді. Әр бөлмеде бес орындық жайлы төсек, жеке жуынатын бөлме қарастырылған. Әр қабатта қыздар мен ұлдарға арналған бөлек ас ішу аймақтары бар. Студенттердің дене шынықтыруға және шығармашылық дамуына арналған жаттығу залы, хореография залы, сондай-ақ оқу мен өзін-өзі дамытуға арналған кітапхана жұмыс істейді.

Қауіпсіздік мәселесіне ерекше көңіл бөлінген: ғимаратта Face ID жүйесі енгізіліп, бейнебақылаудың орталықтандырылған мониторинг пункті жұмыс істейді. Сонымен қатар жатақхана мүмкіндігі шектеулі жандарға толық бейімделген – кедергісіз орта жасалып, арнайы бөлмелер қарастырылған.

Студенттер үшін тұру құны айына 22,5 мың теңгені құрайды. Мамандардың бағалауынша, бұл баға көпшілік студент үшін қолжетімді.Жобаның іске асуы колледж студенттері үшін жатақхана орындарының тапшылығын айтарлықтай азайтуға мүмкіндік береді, оның ішінде жақын маңдағы оқу орындарында білім алып жүрген жастар үшін де тиімді болмақ. Жаңа нысан студенттердің тұрмыс жағдайын жақсартып, қолданыстағы жатақханаларға түсетін жүктемені азайтады және оқу мен бос уақытты тиімді өткізуге қосымша мүмкіндіктер ашады.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті