Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елордалық оқушылар Көрісу күні тыл еңбеккерлері мен ардагер ұстаздарды құттықтады

Елордалық оқушылар Көрісу күні тыл еңбеккерлері мен ардагер ұстаздарды құттықтады
Фото: Астана қ. әкімдігі

14 наурыз күні «Наурызнама» онкүндігінің алғашқы күні – Көрісу күні аталып өтті. Осыған орай елордалық №13 мектептің оқушылары Сарайшық ауданында тұратын қарттарды мерекемен құттықтады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Астана қаласының әкімдігіне сілтеме жасап.

Наурызнама онкүндігінің алғашқы күні – Көрісу күні терең мағыналы дәстүр. Қыс мезгілінен кейін туыстар, достар мен көршілер бір-бірімен көрісіп, амандық сұрасып, игі тілектерін жеткізеді. Жасы кішілер үлкендерге арнайы барып сәлем берсе, ақсақалдар жастарға ақ батасын береді.

Сарайшық ауданының тұрғындары үшін бұл күн ұрпақтар сабақтастығының символына айналды. №13 мектептің оқушылары ауданның құрметті тұрғындарын арнайы барып құттықтады.

5-сынып оқушылары сынып жетекшілерімен бірге еңбек ардагерлері, тыл еңбеккерлері және білім саласының ардагерлеріне арнайы барды.

«Бұл кездесу менің оқушыларым үшін өмірлік маңызды сабақ болды. Сыныпта патриотизм туралы көп айтамыз. Бірақ ардагерлермен қол алысып, олардың ақ тілектерін естігенде ғана балалар «құрмет» сөзінің шынайы мәнін түсінеді. Оқушылар кездесуге үлкен дайындықпен келіп, амандасу мен құттықтау сөздерін дұрыс айтуға ерекше мән берді», – деді 5 «Ә» сыныбының жетекшісі Гүлзада Әбілова.

Мектеп директоры Гүлмира Закирина мұндай іс-шаралардың балаларға ұлттық дәстүрдің мәнін терең түсінуге көмектесетінін атап өтті.

«Отанға және өзінің тарихына деген сүйіспеншілікті тек оқулық арқылы үйрету мүмкін емес. Ол үлкендермен әңгімелесу, олардың өмір жолын тыңдау, ақ батасын алу арқылы қалыптасады. Бала қаланың дамуына еңбек сіңірген адамды көргенде, дәстүр оның ішкі дүниесінің бір бөлшегіне айналады», – деді білім ордасының басшысы.

Қазыналы қариялар оқушыларды жылы қарсы алып, олардың құттықтауларын асқан ризашылықпен тыңдады. Зейнеткер Марзия Шакенова мектеп оқушыларының ықыласы қатты қуантқанын айтты.

«Өзім бұрын балабақшада жұмыс істегенмін, балаларды қатты жақсы көремін. Бүгін оқушылардың бізге көрсеткен құрметі – үлкен қуаныш. Осындай дәстүрлердің қайта жаңғырып жатқанына өте қуаныштымын, осы арқылы адамдар бір-біріне жақындай түседі», – деді ол.

Мұндай кездесулер ұрпақтар арасындағы байланысты нығайтып, жастарға үлкендерді құрметтеудің маңызын еске салады әрі ұлттық дәстүрлерге деген қызығушылықты арттырады.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді