Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда әлеуметтік нысандар жылу жүйесіне қосыла бастады

Нұр-Сұлтанда өтінім бойынша әлеуметтік нысандар – медициналық мекемелер, білім беру нысандары, балабақшалар және т.б. жылытуға қосыла бастады, әлеуметтік нысандардың дайындығы 100%-ды құрайды. Елорда әкімі Алтай Көлгіновтің басшылығымен әкімдікте жылыту маусымы бойынша кеңес өтті.

Қалада жылу беру маусымы орташа тәуліктік температура +10 градус (және одан төмен) 5 күн бойы сақталған кезде толығымен басталады. Дегенмен, тұтынушылардың өтінімі бойынша жылу беруге қаланың әлеуметтік нысандары қосыла бастады. Бұдан басқа, жаңа нысандарды жылытуға қосу көздері анықталды, қуаттарды тексеру жүргізілуде.

Сондай-ақ, елді мекендерді газдандыру, жылу электр орталықтарын жаңғырту, ЖЭО су жылыту қазандықтарын газға ауыстыру жұмыстары жалғасуда. Жеке сектор тұрғындары үшін қаланың барлық ауданында көмір сататын компаниялар анықталды. Дүрлігуге және алыпсатарлыққа жол бермеу үшін қоймаларда жеткілікті көлемде отын бар.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды