Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Нұр-Сұлтанның тағы екі елді мекені газға қосылды

Тағы екі елді мекен – Көктал-2 мен Агроқалашықтың бір бөлігінде үйлерге газ қосыла бастады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов өзінің «Инстаграм» парақшасында жазды, деп хабарлайды kazlenta.kz елорда әкімдігіне сілтеме жасап.


«Тағы екі елді мекен – Көктал-2 мен Агроқалашықтың бір бөлігінде үйлерге газ қосыла бастады. Бұл елді мекендерде газ ішкі кварталды желілер бойынша беріледі. Алғашқы болып қосылған - Железнодорожный елді мекені. Ол орталықтандырылған газбен қамту жүйесіне қараша айында қол жеткізді.


Үйлерді қосу үшін 750-ден астам тұрғын техникалық шарттарын бекітіп алды. Фронт-кеңселерде 5 мыңнан астам адамға кеңес берілді. Бір текше метр газ бағасы 45 теңгеден 34,6 теңгеге дейін төмендетілді.


Бұл елді мекен тұрғындары газ қосу үшін «Қазтрансгаз Аймақ» АҚ-қа (Республика даңғылы, 24, «Парасат» СО) барып, көмек ала алады. Аталған ұйым газбен қамтудың ішкі желілерінің қауіпсіздігін тексерумен, оны қосумен айналысады. Бұған қоса одан әрі пайдалану барысына да жауап береді.


Сондай-ақ Көктал-1, Өндіріс, Оңтүстік-Шығыс елді мекендерінде құрылыс-монтаж жұмыстары жүріп жатыр.


Елорданы газдандыру – Елбасының тарихи жобасы. Газ тарту экологоияны жақсартып қана қоймай, жеке сектор тұрғандырының өмір сүру жағдайын біршама жеңілдетуге мүмкіндік береді. Себебі көмірді қайда сақтау керегін, оның сапасын ойлап, 24/7 бойы үйде болып, пешті бақылау керек болмайды. Осы және өзге мәселелер туындамайды.


Астананы газдандыру процесі бірнеше кезеңнен тұрады. Елді мекендердің бәрін кезең-кезеңмен қосамыз. Газ тарту үдерісі Мемлекет басшысының бақылауында.


Қазіргі жылыту маусымында ЖЭЦ-1 мен ЖЭЦ-2-нің бірқатар су жылытқыш қазандығын да газға ауыстырдық», - деп жазды Алтай Көлгінов.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты