Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша профилактикалық жұмыстар күшейтілді

Алматыда жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша профилактикалық жұмыстар күшейтілді
Фото: polisia.kz

Алматыда жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша профилактикалық жұмыстар күшейтілді, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматы қаласында қалың қардың жаууына байланысты жолдағы жағдай күрделене түсті. Осыған орай полиция жол қозғалысына қатысушыларды барынша сақ болуға және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Әкімшілік полиция басқармасының мәліметінше, өткен тәулікте – кешегі түстен бүгінгі күнге дейін – қала жолдарында 62 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Оның ішінде 28 жол апаты зардап шеккендермен аяқталған. Қаза тапқандар жоқ. Алматы қаласы полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының бастығы Серік Шумаев жүргізушілерге ауа райы жағдайын ескеріп, қауіпсіз жылдамдықты таңдаудың маңызын атап өтті.

– Қардың жаууы мен көрінудің нашарлауы жүргізушілерден ерекше мұқияттылық пен тәртіпті талап етеді. Автокөлік иелерін жылдамдық режимін қатаң сақтауға, арақашықтықты ұлғайтуға және күрт маневр жасаудан аулақ болуға шақырамыз. Сондай-ақ жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігіне ерекше назар аудару қажет, – деді ол.

Спикердің айтуынша, қазіргі уақытта полиция қызметкерлері күшейтілген режимде қызмет атқарып, жол жағдайын бақылауда ұстап отыр. Сонымен қатар олар қаладағы коммуналдық қызметтермен бірлесіп жұмыс істеуде.

– Жолдағы қауіпсіздік әрбір жүргізушінің жауапкершілігіне тікелей байланысты. Әсіресе қар жауған кезде жол қозғалысы ережелерін сақтап, бір-біріне құрметпен қарау аса маңызды, – деп түйіндеді Серік Шумаев.

Полиция қолайсыз ауа райы жағдайында жүргізушілерге жылдамдықты төмендетіп, арақашықтықты сақтауды және қажет болмаса алыс жолға шықпауға кеңес береді.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі