Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда әкімшілік айыппұлдары өтелмеген 150 көлік анықталды

Алматыда әкімшілік айыппұлдары өтелмеген 150 көлік анықталды
Фото: Polisia.kz

Алматыда “Қауіпсіз жол” республикалық жедел алдын алу іс-шарасы аясында жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері шетелде тіркелген, өтелмеген әкімшілік айыппұлдары бар көліктерді анықтау және ұстау бойынша күнделікті іс-шараларды жүргізіп жатыр, — деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматы қаласында жыл басынан бері әкімшілік айыппұлдары өтелмеген 150-ге жуық көлік анықталды. Олардың қатарында 4 миллион теңгеден астам айыппұлы төленбеген Mercedes, 2,8 миллион теңге берешегі бар Lada және 3,9 миллион теңге айыппұлы бар Toyota көлігі бар. Барлық аталған көлік арнайы айыппұл тұрағына жеткізілді.

— Полиция барлық көлік иелерін, әсіресе шетелдік нөмірмен жүрген азаматтарды әкімшілік айыппұлдарды уақытылы төлеуге шақырады. Бұл міндеттемелерді елемеу жауапкершіліктен босатпайды. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында тәртіп бұзушыларды анықтау жұмыстары жалғаса береді, – деді Алматы қалалық полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Серік Шумаев. 

Полиция өкілдері жазаның бұлтартпастығы қағидасын еске салып, жол қозғалысына қатысушыларды тәртіпке бағынуға, жол ережесін сақтауға және заңмен бекітілген міндеттемелерді дер кезінде орындауға шақырады.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты