Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанда Президенттің азаматтарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмалары қалай жүзеге асырылуда

Қазақстанда Президенттің азаматтарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмалары қалай жүзеге асырылуда
Фото: pixabay.com

Президенттің азаматтарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру тұрғын үй-құрылыс жинақтау жүйесіне халықтың әл-ауқатын арттырудың негізгі құралы болуға мүмкіндік берді. «Отбасы банкі» басқармасының төрағасы Ләззат Ибрагимова Үкіметте азаматтардың нақты табысын арттыру жөніндегі міндеттердің орындалу қорытындылары туралы мәлімдеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оның айтуынша, тұрғын үй сатып алу мүмкіндіктерін теңестіру үшін мемлекет жыл сайын салымшыларды қолдауға қомақты қаражат бөледі. Бұл банкке жыл сайын жеңілдікпен қарыз беруді қамтамасыз етуге жол ашады. Бүгінде «Наурыз» бағдарламасы бойынша тұрғын үй қорын жаңарту бағытына сәйкес жылдық 9%-бен 10 мыңға жуық несие берілді, бұл 2025 жылдың қорытындысы бойынша құрылыстың рекордтық қарқынымен (20,5 млн шаршы метр) көрініс тапты.
Елімізде тұрғын үй-құрылыс жинақ жүйесі 23 жылдан бері жұмыс істеп келеді, осы уақыт бойы ол ЖІӨ өсіміне елеулі үлес қосуда. Біз қазақстандықтардың баспанаға жұмсайтын шығындарын азайтуға көмектесіп келеміз: біздің бағдарламалар бойынша төлем нарықтық ипотекадан 30-40%-ға төмен. Жүйе мемлекеттің қолдауымен жылдық 2%-бен жинақтауға мүмкіндік береді. Биыл 2,5 млн-нан астам отандастарымыздың шоттарына 125 млрд теңге сыйлықақы аударылды. Бұл жыл сайын жеңілдікпен 1,5 трлн теңге заем беруге мүмкіндік береді. Халықтың нақты табысының өсуі үшін пайыздық мөлшерлемені және ипотека бойынша ай сайынғы төлемді төмендету арқылы тікелей қолдау көрсету өте маңызды, — деп атап өтті Ләззат Ибрагимова.
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті