Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жаңа «9-20-25» ипотекалық бағдарламасы жылына қосымша 8 мың отбасын баспанамен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді – Әлихан Смайылов

Жаңа «9-20-25» ипотекалық бағдарламасы жылына қосымша 8 мың отбасын баспанамен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді – Әлихан Смайылов
Фото: pixabay.com

Сенат отырысынан кейін журналистердің сұрақтарына жауап беру барысында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Қазақстанда мемлекеттік ипотекалық бағдарламаларды одан әрі іске асыру туралы айтып берді, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Үкімет басшысы азаматтарды, әсіресе көп балалы және ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету Үкімет жұмысының негізгі басымдықтарының бірі екенін атап өтті.

«Қазіргі уақытта біз “Бақытты Отбасы” (2-10-20) және “Шаңырақ” (5-10-20) сияқты бағдарламаларды іске асырып жатырмыз. Соңғы үш жылда аталған бағдарламалардың арқасында 43 мыңға жуық қазақстандық отбасы тұрғын үй жағдайларын жақсартты. Біз бұл бағдарламаларды жүзеге асыруды жалғастырамыз», — деді Әлихан Смайылов.

Үкімет басшысының айтуынша, тағы бір сұранысқа ие бағдарлама – «7-20-25». Алайда Ұлттық банк белгілеген қаржыландыру шектеулеріне байланысты бұл бағдарлама халықтың сұранысын толығымен өтей алмайды.

Осыған байланысты «Отбасы банк» және «Байтерек» холдингі «9-20-25» жаңа бағдарламасын әзірлеуді бастады. Бұл ретте оны іске асыру үшін бюджет қаражаты пайдаланылмайды.

«Біз қазір есептеп жатырмыз. Жыл сайын 150 млрд теңге сомасына бюджеттен тыс қаражат тарту жоспарланып отыр. Бұл жылына қосымша 8 мың отбасын баспанамен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қазір бағдарламаның шарттары пысықталып жатыр. Ол жақын арада іске қосылады, кем дегенде бір ай уақыт қажет. Жұмыс келесі жылы басталады деп күтілуде», — деді Әлихан Смайылов.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады