Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

2026 жылы Қазақстанда 18,5 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарлануда

2026 жылы Қазақстанда 18,5 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарлануда
Фото: primeminister.kz

Президенттің азаматтарды қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету және құрылыс саласын дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында 2025 жылы 20 млн шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл туралы Үкімет отырысында өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев мәлімдеді, деп хабарлайдыkazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Болжамға сәйкес, 2026 жылы тұрғын үйді пайдалануға беру көлемі 18,5 млн шаршы метрді құрамақ. Бұл ретте, егер тұрғын үй құрылысын ынталандыру шаралары күшейтілсе, көрсеткіш өсуі мүмкін. Ерсайын Нағаспаевтың ақпараты бойынша негізгі жұмыстар Астана, Алматы және Шымкент қалаларында жүргізіледі.

Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін елімізде құрылыс алаңдарын қаржыландырудан бастап ипотекалық бағдарламаларды кеңейтуге дейінгі кешенді қолдау шаралары жүзеге асырылатын болады.

Өнеркәсіп министрлігінің мәліметінше, өткен жылы кезекте тұрғандар үшін 218 млрд теңгеге жалға берілетін 14,5 мың пәтер сатып алынған, ал «несиелік тұрғын үй» желісі бойынша 140 млрд теңгеге тағы да 14 мың пәтер салынды және сатып алынды.

Мемлекеттік баспаналар жеңілдікпен берілетін 2% және 5%-дық несиелердің арқасында қаржылай қолжетімді болып отыр. Оларды 5 мыңнан астам отбасы пайдаланды. Ал оған қосымша «Наурыз» және «Наурыз-Жұмыскер» бағдарламалары арқылы тағы жалпы сомасы 233 млрд теңге болатын 8,6 мың заем берілді.
Былтыр азаматтарға 8 мыңға жуық жалға берілетін тұрғын үй және 11 мыңнан астам жеңілдікті ипотекалық қарыз берілді. Бұдан басқа, заңға енгізілген түзетулер бұрын «сатып алу құқығынсыз» берілген жалға берілетін тұрғын үйді жекешелендіру құқығын берді, өткен жылы бұл мүмкіндікті 15 мыңнан астам азамат пайдаланды. Сондай-ақ, 11 мыңнан астам адам жалдау ақысының бір бөлігіне субсидияларды пайдаланды, бұл мақсаттарға 7,6 млрд теңге бөлінді, — деп атап өтті Ерсайын Нағаспаев.
Оның айтуынша, биыл бұл жұмыстар жалғасады. Тағы 11,5 мың пәтер салу үшін 155 млрд теңгеге жергілікті атқарушы органдардың бағалы қағаздарын сатып алу, сондай-ақ 18 мыңнан астам жаңа жеңілдікті қарыздар беру жоспарланған.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады