Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ФАО: Қазақстанның агроөнеркәсіп кешені қарқынды дамып, жоғары экспорттық әлеуетті көрсетіп отыр

ФАО: Қазақстанның агроөнеркәсіп кешені қарқынды дамып, жоғары экспорттық әлеуетті көрсетіп отыр
Фото: ҚР АШМ баспасөз қызметі

Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) халықаралық сарапшылары Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінің дамуына оң баға беріп, оның тұрақты дамуы мен экспорттық мүмкіндіктерін атап өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ФАО мәліметінше, Дүниежүзілік банктің бағалауына сәйкес ауыл шаруашылығындағы қосылған құн 11 миллиард доллардан асты. Бұл – тарихи тұрғыдан ең жоғары көрсеткіш. Ол соңғы үш жылдағы (2023–2025 жж.) орташа жылдық деңгейдің алдыңғы үш жылдық кезеңмен (2020–2022 жж.) салыстырғанда 8%-ға өскенін білдіреді.

Ұйымның талдамалық материалдарына сәйкес, саладағы өндірістік көрсеткіштер де сенімді өсім көрсетуде: соңғы үш жылда (2023–2025 жж.) негізгі ауыл шаруашылығы дақылдарының орташа өндіріс көлемі алдыңғы үш жылдық кезеңмен (2020–2022 жж.) салыстырғанда 13%-ға артқан.

Халықаралық сарапшылардың бағалауынша, қазақстандық өнім экспорты да қарқынды дамуда. Алдын ала мәліметтер шамамен 27%-ға өскенін көрсетуде.

«Бұл нәтижелерге ең алдымен, шаруашылықтардың түрлі санаттары үшін жеңілдетілген қаржы құралдарына қолжетімділіктің ұлғаюы арқасында қол жеткізілді. Бұл айналым қаражатына деген қажеттілікті тиімді қамтамасыз етуге және инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға жол ашты», – делінген ФАО есебінде.

Сарапшылар Қазақстанның мал шаруашылығы саласының әлеуеті өте жоғары екенін айтуда.

«Қазақстан жайылым аумағы бойынша әлемде төртінші орында, жайылымдық жер көлемі 184 млн гектарды құрайды. Бұл жайылымдар бірқатар стратегиялық артықшылықтар береді. Атап айтқанда, өндірістік шығындардың төмен болуы, көміртек нарықтарына қатысу мүмкіндігі, агротуризмді дамыту әлеуеті, сондай-ақ биоалуантүрлілікті сақтауға айтарлықтай үлес қосу. Сонымен қатар Қазақстанның қатал континенттік климаты кейбір мал ауруларының таралу жиілігін төмендететін табиғи профилактикалық фактор бола алады», – дейді сарапшылар.

Сонымен қатар ФАО мамандары ветеринарлық бақылауды күшейту және өнімнің қадағалану жүйесін дамыту шараларының маңыздылығын ерекше атап өтті.

Сарапшылардың пікірінше, ауыл шаруашылығының тұрақты дамуы үшін өндірістің табыстылығы да маңызды. Халықаралық тәжірибені талдай отырып, ФАО халықтың осал топтарының табысын мақсатты түрде қолдау азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде бағаны кең көлемде реттеуден гөрі тиімді құрал болуы мүмкін екенін көрсетеді.

Жалпы алғанда, ФАО Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінің тиімділігін арттыруға бағытталған күш-жігерін өңірлік және жаһандық азық-түлік қауіпсіздігіне қосқан үлес ретінде бағалайды. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы саласында экономикалық тиімділік пен әлеуметтік міндеттердің арасындағы тепе-теңдікті сақтау маңызды екені атап өтілді.

Соңғы жылдары Қазақстан ФАО-мен Серіктестік бағдарламасы аясында белсенді ынтымақтастық жүргізіп келеді. Бағдарлама ұлттық селекция мен тұқым шаруашылығы жүйесін дамытуға, дәл егіншілікті және цифрлық құралдарды енгізуге, сондай-ақ жердің тозуымен күресуге бағытталған. Бұл бастамалар инвестициялық сипатқа ие болып, жеке сектор мен халықаралық қаржы институттарын тартуға ықпал етуде.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі