Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елордалық қаржы саласының өкілдері жаңа Конституция жобасын қолдайды

Елордалық қаржы саласының өкілдері жаңа Конституция жобасын қолдайды
Фото: kazlenta.kz

Freedom Bank астаналық филиалының қызметкерлері Қазақстандағы жаңа Конституция жобасын талқылап, оның қоғам мен экономикаға ықпалы жөнінде пікір алмасты. Кездесу барысында банк ұжымы конституциялық өзгерістердің ел дамуына, азаматтардың құқықтары мен мүмкіндіктеріне қалай әсер ететіні туралы өз ойларын ортаға салды, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Қаржы саласының қызметкерлері жаңа Конституцияның негізгі бағыттары, мемлекеттік басқаруды жетілдіру, азаматтардың құқықтарын қорғау және елдегі тұрақтылықты нығайту мәселелеріне тоқталды.  Жиын барысында өңірдің инфрақұрылымын дамытуға өз үлесін қосып жүрген кәсіпкер Ербол Арынұлы да қатысып, өз пікірін білдірді. Оның жетекшілігімен 20-ға жуық нысан бой көтерген. Олардың қатарында тұрғын үй кешендері, балабақшалар және мешіт сияқты әлеуметтік маңызы бар ғимараттар бар. Кәсіпкердің айтуынша, елдегі конституциялық реформалар қоғамның барлық саласының дамуына жаңа серпін береді.

- «1995 жылғы Конституцияда біз дамыған елдердің қатарына қосылғымыз келеді делінген, қазір біз экономика бойынша 50 дамыған елдердің қатарындамыз. Ең үлкен өзгерістердің бірі — жаңа Конституция негізінде реформа жасалып, «Құрылтай» қалыптаспақ. Екі палаталы Парламент жұмысы барысында заңдар ұзақ уақыт көлемінде қаралған еді», — деді «BELES» құрылыс компаниясының директор орынбасары Ербол Сихимбаев.

Қатысушылар мұндай ашық талқылаулар қоғамдағы маңызды реформаларға бейжай қарамай, азаматтық белсенділікті арттыруға мүмкіндік береді. Ербол Сихимбаевтың айтуынша, қазіргі таңда геополитикалық жағдай шиеленісіп кеткендіктен, көптеген шешімдер жедел түрде қабылдануы қажет.

«Жаңартылған Конституция аясында  «Вице-президент» посты тағайындалады, бұл өзгеріс мемлекет басқару жүйесінде шешім қабылдаудың жылдамдығын арттырмақ. Сондай-ақ, 1 шілдеде Парламент өз жұмысын доғарады және жаңа депутаттар сайланады. Конституция 84 %-ға жаңартылып, заман ағымына сай жаңа ұғымдар енгізілмек», — деді ол.

Кездесуде қызметкерлер құқықтық, әлеуметтік және экономикалық саладағы басқа реформаларға да тоқталды. Олар мемлекеттік басқаруды жетілдіру, квазимемлекеттік сектордағы ашықтықты арттыру, бизнес пен инвестиция үшін жағдай жасау сияқты маңызды бастамаларды талқылады. Сондай-ақ, білім беру жүйесін жаңғырту, денсаулық сақтау сапасын арттыру және өңірлердің инфрақұрылымын дамыту мәселелері де сөз болды.Қатысушылар бұл реформалардың барлығы жаңа Конституциямен бірге қоғамның барлық саласын кешенді түрде дамытуға бағытталғанын атап өтті. Жиын соңында олар әр азаматтың референдумға қатысуы маңызды екенін, әр дауыс елдің болашағына нақты әсер ететінін ерекше еске салды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады