Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада Ата заңның жаңартылған жобасы талқыланды

Астанада Ата заңның жаңартылған жобасы талқыланды
Фото: Астана қ. әкімдігі

Астана қаласындағы Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында Қазақстан Конституциясының жаңартылған жобасын талқылауға арналған жиын өтті. Маңызды басқосуға орталық ұжымы түгелдей қатысып, ел болашағына тікелей әсер ететін құжат төңірегінде ой бөлісті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жиынды Орталық директоры Серік Қарабатыров ашып, Конституция мемлекеттің құқықтық негізі ғана емес, қоғам дамуының басты бағдары екенін атап өтті. Ол Ата Заңға енгізілетін өзгерістер әрбір азамат үшін маңызды екенін айтып, жиынның мән-маңызына тоқталды.Перспективті даму және әлеуметтік жобалар бөлімінің қызметкері Дәрия Әлиқызы ұжым мүшелеріне Конституцияның жаңа жобасындағы негізгі өзгерістерді жан-жақты түсіндірді.

«Конституциялық реформалар жөніндегі комиссия Қазақстан Республикасының жаңа Ата Заңының жобасын жариялады. Жаңа мәтіннің басты идеясы ретінде білім мен ғылым, мәдениет пен инновация алдыңғы орынға шығарылды. Сонымен қатар Конституцияның логикасы мен философиясы түбегейлі жаңартылған» – деп атап өтті Дәрия Әлиқызы.

Іс-шара ашық, әрі екіжақты диалог форматында өтіп, қатысушылар өздерін қызықтырған сауалдарға толыққанды жауап алды. Кездесу соңында ұжым мүшелері Конституция жобасына қатысты пікірлерін ортаға салып, ел болашағына бейжай қарамайтындықтарын, қоғам өміріндегі маңызды өзгерістерге белсенді азаматтық ұстаным танытатынын білдірді.  скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті