Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шымкентте полицейлер есірткі жарнамасына тосқауыл қойды

Шымкентте полицейлер есірткі жарнамасына тосқауыл қойды
Фото: polisia.kz

Шымкентте полицейлер есірткі жарнамасына тосқауыл қойды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Шымкент қаласы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері қала аумағында заңсыз есірткі жарнамасын таратумен айналысқан ер адамның қылмыстық әрекетін тоқтатты. Жедел іс-шара барысында анықталған тұрғын қала көшелерінде "табыс" деп жазылған және QR-код бейнеленген қағаз хабарландыруларды таратқан. Аталған кодты сканерлеген кезде қолданушыларға есірткі мен психотроптық заттардың курьері ретінде жұмыс істеу ұсынылатын интернет-ресурстар ашылған.

Ер адам жарнама қағаздарын өзі басып шығарып, тұрғын үйлердің қабырғаларына, қоршауларға және қаланың басқа да инфрақұрылым объектілеріне жабыстырып жүрген. 100 хабарландыру орналастырғаны үшін ол 15 мың теңге көлемінде ақы алған. Ер адамнан заңсыз жарнамалық материалдары бар қағаз өнімдері тәркіленді. Қазіргі таңда аталған жайт бойынша тергеу әрекеттері жүргізілуде. Қала аумағында ұқсас қылмыстарды анықтау және олардың алдын алу жұмыстары жалғасуда.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады