Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шымкентте заңсыз есірткі жарнамасын таратқан күдікті қамауға алынды

Шымкентте заңсыз есірткі жарнамасын таратқан күдікті қамауға алынды
Фото: polisia.kz

Шымкент қаласы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткі құралдарын насихаттау және заңсыз жарнамалауға байланысты қылмыстық әрекеттің жолын кесті, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Профилактикалық іс-шаралар барысында тұрғын үйлердің қабырғалары мен қоршауларға есірткі сататын интернет-ресурстардың жазбаларын қалдырып жүрген ер адам ұсталды. Тергеу мәліметінше, ол қаңтар айынан бастап қала аумағында жүйелі түрде граффити салып, мессенджерлер арқылы жұмыс істейтін есірткі тарату арналарына сілтемелерді насихаттаған.

Күдікті кезекті жазбаны қалдыру кезінде қылмыс үстінде ұсталып, қамауға алынды. Қазіргі таңда тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Есірткі жарнамасын орналастыру – азаматтарды есірткінің заңсыз айналымына тартуға бағытталған қылмыстық схеманың бір бөлігі. Қала аумағында мұндай қылмыстарды анықтау және жолын кесуге бағытталған жұмыстар жүйелі түрде жалғасады.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді