Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Бизнесті қолдау, өнеркәсіп, сауда және туризмді дамыту: Астанада бір жылдық жұмыс қорытындыланды

Бизнесті қолдау, өнеркәсіп, сауда және туризмді дамыту: Астанада бір жылдық жұмыс қорытындыланды
Фото: Астана қ. әкімдігі

Елорданың Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Астана қаласы Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Нұржан Әшімов 2025 жылы атқарылған жұмыстың қорытындысын таныстырды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

2025 жылдың қорытындысы бойынша елордада белсенді жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 270 мыңнан асты. Бұл көрсеткіш 2024 жылмен салыстырғанда 10,1%-ға жоғары. Жалпы 2025 жылы 25 мыңнан астам жаңа кәсіпорын ашылған.

Өткен жылдың 9 айында кәсіпкерлер шамамен 15 трлн теңгенің өнімін өндіріп, өсім 22%-ды құрады.

Бизнесті қолдау мақсатында «Даму» қорының базасында шағын және орта бизнеске арналған кепілдік қоры құрылды. Ол қаржыландыру көлемі 7 млрд теңгеге дейінгі жобаларды қамтиды және жеткілікті кепілзаты жоқ кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған, сондай-ақ мемлекеттік қаражатқа тәуелділікті азайтуды көздейді.

«Даму» қоры несие сомасының 85%-ына дейін кепілдік береді, бұл кәсіпкерлерге несиені тиімді шарттармен алуға мүмкіндік береді.

2025 жылы «Даму» қоры жүзеге асыратын «Өрлеу» жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы да енгізілді.

Бағдарлама басым секторлар бойынша іске асырылады, жеңілдетілген несиенің ең жоғары сомасы – 7 млрд теңгеге дейін, мөлшерлемесі – 12,6%.

Сонымен қатар «Астана Бизнес» жергілікті жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы жұмыс істейді.

Елордада өнеркәсіп саласы қарқынды дамып келеді. 2025 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша өнеркәсіп көлемі жоспарлы көрсеткіштің үштен біріне артық орындалып, 3,5 трлн теңгені құрады, оның ішінде өңдеу өнеркәсібі – 3,3 трлн теңге.

Өнеркәсіп кәсіпорындарының басым бөлігі №1 Индустриялық парк аумағында орналасқан. Мұнда жалпы құны 372 млрд теңгеден асатын 145 жоба бар.Оның 96-сы іске қосылып, толық жұмыс істеп тұр, ал 49 жоба іске асыру сатысында.

Парк аумағында 30-дан астам жоба шетелдік инвестициялардың қатысуымен жүзеге асырылып жатыр.2025 жылы 57,9 млрд теңге сомасына 26 жоба пайдалануға беріліп, 1 665 жұмыс орны ашылды.

«Биыл құрылыс индустриясы, жиһаз өндірісі, машина жасау, қоймалау және басқа да салаларда жалпы құны 140 млрд теңгеден асатын 30-ға жуық жобаны іске қосуды жоспарлап отырмыз.

№1 индустриялық парктің табысты жұмысы ескеріле отырып, мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі арқылы екінші индустриялық парк құру жобасы жүзеге асырылып жатыр. Жобаны 2028 жылға дейін аяқтау жоспарланған.

Екінші индустриялық парк аумағына машина жасау, тамақ өнеркәсібі, құрылыс, жеңіл өнеркәсіп, жиһаз өндірісі, медицина сияқты сұранысқа ие салаларда жалпы құны 500 млрд теңге болатын 100-ден астам жобаны тарту көзделіп отыр», – деді спикер.

Елордадағы инвестициялық ахуалды жақсарту – басқарма қызметінің негізгі бағыттарының бірі. 2025 жылы қала экономикасына 2,5 трлн теңге көлемінде рекордтық инвестиция тартылып, нақты өсім 21,3%-ды құрады. Оның ішінде 1,6 трлн теңге – жеке инвестициялар.Өткен жылдың 9 айында тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны 2,4 млн долларды құрап, бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 2,7 есе жоғары болды.

Өсім динамикасына іске асырылып жатқан инвестициялық жобалар, оның ішінде Ұлттық цифрлық инвестициялық платформаға жүктелген жобалар елеулі ықпал етіп отыр. Қазіргі уақытта жалпыұлттық инвестициялық жобалар пулында жалпы инвестиция көлемі 2,1 трлн теңгені құрайтын 151 жоба бар, олар 22,5 мың жұмыс орнын құруды көздейді. Жобалардың басым бөлігі логистика, өнеркәсіп және білім беру салаларында жүзеге асырылуда.

«Қала экономикасында сауда және қызмет көрсету саласының үлесі шамамен 80%-ды құрайды. 2025 жылдың қорытындысы бойынша сауда саласындағы өсім 8,9% болды, оның ішінде бөлшек сауда айналымы 15,5%-ға, көтерме сауда 6,4%-ға артты.

Көшедегі сауданы дамыту мақсатында «Көшедегі сауда павильондарын орналастыру» бағдарламасы аясында қала бойынша 345 павильон орналастырылған. Сауда павильондарын орналастыру тәртібін реттеу бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде, оның ішінде мониторинг жасалады.Биылғы кезең ішінде жүргізілген мониторинг нәтижесінде белгіленген талаптарды бұзған 225 сауда павильоны бұзылды», – деді басқарма өкілі.

Туризмді дамыту да басқарманың негізгі бағыттарының бірі болып саналады. 2025 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша елордаға шамамен 1,2 млн адам келген, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9%-ға артық. Талдау деректеріне сәйкес, туристердің 77%-ы демалыс, түрлі іс-шараларға қатысу және сауда жасау мақсатында келеді, ал 23%-ы іскерлік және мәдени сапарлар аясында келген.

Елордаға келушілер саны бойынша алғашқы бестікке Ресей, Қытай, Түркия, Германия және АҚШ кірді.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты