Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шымкентте кәсіпкерлік қарқынды дамуда

Шымкентте кәсіпкерлік  қарқынды дамуда
Фото: pixabay.com

Президент Қасым Жомарт Тоқаевтың биылғы жолдауда басымдық берген бағыттарының бірі- кәсіпкерлік саласын дамыту мәселесі болатын. Ел экономикасының тұрақты әрі стратегиялық дамуы үшін шағын және орта бизнес өкілдерін барынша қолдау қажет.

Бүгінде істі ілгерілетуге мемлекеттен берілетін жәрдем де оң ықпал етіп отыр. Еліміздегі үшінші мегаполис Шымкентте-  130 мыңнан аса шағын және  орта кәсіпкерлік нысаны белсенді жұмыс істеп тұр. Қаладағы кәсіпкерлік нысандарда  жұмыспен қамтылғандар саны 218,2 мың адамға жеткен.  Шағын және орта кәсіпкерлік бағытында өндірілген өнімнің көлемі 2023 жылдың жартыжылдығында 1,1 трлн теңгені құраған. Бұл өткен жылмен  салыстырғанда 32,9 пайызға артты. Бұл туралы Шымкент қалалық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Ермек Тұрманов  журналистерге өткізген баспасөз мәслихатында мәлім етті. 

Шағын кәсіпкерлікті қолдау үшін мемлекеттік бағдарлама аясында 2023 жылға 21,7 млрд теңге қаржы бөлінген. Жыл басынан бері 18,3 млрд теңгеге 3 592 жобаға қолдау көрсетілді. Биыл «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021 – 2025 жылдарға арналған Ұлттық жобасы» шеңберінде 20,4 млрд теңге қаралып, қазіргі сәтте 3 351  жобаға 16,3 млрд теңгенің қолдауы көрсетіліпті. 

Кәсіпкерлікті дамыту жөнінде «Іскер қала» бағдарламасы аясында биыл 1,3 млрд теңге бөлінген екен. Бүгінге дейін аталған бағдарлама аясында шеңберінде 241 жобаға қолдау көрсетіліпті. Оның 215-сі шағын несиелендірілсе, 26 жобада өндірістік алаңдардың жалдау ақысын өтеп берген. 

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды